Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да әлеуметтік маңызды азық-түлік бағасына апта сайын мониторинг жүргізіледі

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру және бақылау жұмыстарын Nur Otan партиясының ШҚО филиалы қолға алды

Усть-Каменогорск и ВКО / Еженедельный мониторинг цен на социально значимые продукты будут проводить в ВКО
Фото:
Региональная служба коммуникаций ВКО

Күні кеше Өскемен қаласында өңірді дамыту бойынша Қоғамдық кеңес отырысы өтіп, онда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселесі қаралды, деп мәлімдейді Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов партия төрағасы Жақсылық Омарға азық-түлік бағасын реттеу мәселесін бақылауға алуды тапсырды.

Одан өзге өңірде арнайы мониторингтік топтар құрылып, оның мүшелері апта сайын азық-түлік тауарлары бағасының құбылысын бақылайтын болады.

Біздің басты міндет - бұл азық-түліктердің бағасының негізсіз көтерілуіне жол бермеу, - деп атап өтті Nur Otan ШҚОфФ төрағасының орынбасары Олег Чугунков. - Бірінші кезең - мониторингтік топтар құру. Партия мүшелерімен қатар осы мәселеге қызығушылық танытқан бүкіл қоғамды тартамыз. Мониторинг апта сайын жүргізіледі, біз баға динамикасын бақылауға аламыз.

Ол қазірдің өзінде 46 мониторингтік топтың құрылғанын және олар облыстағы сауда нысандарын бақылауға алатынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, баға 15% асса, тұтынушы тауарға ілеспе құжаттарды, сөредегі тауар бағасын, дүкен (ЖК, ЖШС) атауын суретке түсіріп, осы ақпараттармен қалалық немесе аудандық әкімдіктерге жүгіне алады.

Следующая →