Семейде ауыр жағдайдағы жол апаты орын алды
30 қаңтар күні Семей қаласында Селевин-Бозтаев көшелерінің қиылысында «Хюндай» мен «Тойота Карина» маркалы автомобильдері соқтығысып қалды
Көліктердің бірінде әйел адам қысылып қалып қойған.
Оқиға орнына келген ОСО ГУ-7 бөлімінің қызметкерлері «Холматро» гидравликалық қондырғысының көмегімен жолаушыны Hyundai көлігінен шығарып, зардап шеккен адамды жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды, деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 нөміріне хабарласу керектігін еске салады.