Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Атастыру" жаңғырса, бойдақтар саны азая ма?

"Ерте үйленген қартайғанда қуанады" деген қазақта жақсы сөз бар. Алайда аталы сөз соңғы уақытта қазақ жастары арасында мағынасын жоғалтқандай. Себебі күн санап елімізде отау құрмай оң жақта отырған қыз бен отызды алқымдаған жігіттердің қарасы көбейіп келеді

Усть-Каменогорск и ВКО / "Атастыру" жаңғырса, бойдақтар саны азая ма?

Жаһандану заманы уақыт өткен сайын "Жалғыздық құдайға ғана жарасады" деген қағиданың өткірлігін өшіріп келе жатқан сияқты. Өйткені дамудың алғы арбасы саналатын шығыс халықтары осы күндері жан рақаты үшін өмір сүргенді, жалғыздықты өмірлік девиз етіп алған. Бұл мәселеге келгенде таяқтың екі ұшы бары ескеріле бермейді. Көбіне әңгіменің уыты "отырып қалған қыздарға" даритынын білеміз. Бірақ жасы отызға тақаса да қыр басында қыздармен сауық құрғаннан әріге аса алмай жүрген жігіттер де жоқ емес. Алдымен қаракөздердің көз жасына қалып, кейін шетелдіктерге ұзатылып кетуіне солар себеп болып жүрген жоқ па? Олай болса, Бауыржан Момышұлы өз заманында: "Жиырма жасқа келіп, үйлебеген жігіт - халық жауы", деген сөзін мақұлдамасқа шара жоқ. Бүгін осы жайында ой толғамақпыз.

Жастар отбасын құрудан неге қорқады?

Бүгінгі қоғамдағы өткір мәселенің бірі - бойдақтардың көптігі. Отбасын құрып, ұрпақ жалғаудың, халық санының өсуіне үлес қосудың орнына соқа басының қамын ойлап, "қызмет" деп, "баспана жоқ, көлік жоқ" деп бас құрамай жүргендер аз емес. Осы орайда отбасы проблемаларын зерттеп жүрген психолог маманға хабарласып, сөзге тартқан едік.

Жастары 30-ға тақап қалған, одан асып кеткен, бірақ отбасын құруға жүрексінетін жастар көп қоғамда. Соларға жақсы жерден шыққан жар табуға көмектесу керек. Ал атастыру, яғни ағайын арасынан, дос-жаран, туыс арасынан оның өзіне сәйкес адам қарастырғанда тұрған ештеңе жоқ. Қайта қазіргі кезде нақ осы нәрсе біртіндеп азайып бара жатқандай көрінеді маған. Қазір екі жасқа дәнекер болар жеңгетайлар аз, керісінше, екі жасты айырушылар көп, қит етсе "ажыраса сал, басқасы табылады, толып жатыр" дегенді тіпті екі жақтың ата-анасы да айтады. Үйленуге сөз байласып, бірін-бірі сүйіп тұрған екі жастың дәл осы шешуші тұсқа келгенде ата-ананың аузын кереқарыс ашуынан келісе алмай, екі жаққа кеткендерін де білемін. Ал өзі әрең шаңырақ құрайын деп тұрған екі жастың арасына неғұрлым кедергі болмау керек, - дейді психолог маман Ғафура Смаилова.

Біраз жасқа келгенде отбасын құрып, шаңырақ көтеруге лайық жұбын таппай жүргендер жетеді. Қызы да, жігіті де алдымен мансап, одан қалса дүние жинау қажеттігін алға тартатын заман. Жігіт сөз салмаса, қыз қайдан тұрмысқа шықсын. Қыздар болса, жігіттер батыл қадам жасаудан жасқаншақтайды дейді.

Қазір жігіт көп болса да ішінде отбасын құрғысы келетін, жар, әке бола алатын, ойы толысқан, психологиялық тұрғыдан отбасылық өмірге дайын жігіттер аз деп ойлаймын. Көп жігіттер баспана алам, карьера жасаймын, содан кейін үйленемін дейді. Ол сылтау. Отбасын құрғаннан кейін де үй алып, жұмысыңды да жасауға болады. Қазір жасым 30-да. Осы жасқа келіп ұққаным - жігіттер жауапкершілік алғаннан қорқады. Сондықтан отау көтеруден қашады, - дейді Назерке Садықова.

Отбасы институты тақырыбында интернет желісінде келелі ой айтып, жастарды отбасын құруға, халық санын көбейтіп, ұрпақ өрбітуге шақырып жүрген мамандар да аз емес. Олардың айтуынша, сүрбойдақтардың проблемасын шешу үшін елімізде отбасылық институттар көптеп ашылуы керек. Жалпы, біздің елімізде бүгінде отбасы институтының толық қамтылмағандығы анық байқалады. Мұның бірден-бір салдарын осы сүрбойдақтар мен отырған қыздардың жыл санап артып бара жатқандығынан байқауға болады. "Он үште отау иесі" деп атам қазақ бозбала мен бойжеткенді кезінде бекерден-бекер ерте қоспаған. Қазіргі экологияны ескерсек, "елубайлар" мен "алпысбайларды" таптыратын заман өткен.

Атастыру көненің тозығы ма, заман талабы ма?

Кенен Әзірбаевтың "Көк шолағында" қыз сипатын айта келе, "келгенше 25-ке кетпей жүрген, о-оу" дейтін жері бар. Яғни, "он үште - отау иесі" атанатын заманда 25-ке келгенше тұрмыс құрмау деген мәселенің ақылға сыймайтын іс болғанын осы әннен-ақ байқауға болады. Ал қазір 25 - "айналайын", "35 пен 45-тер" де жүр өйткені. Бұл күлетін жағдай емес, керісінше, кәдімгідей ойланатын, тіпті шұғыл түрде қолға алуды қажет ететін әлеуметтік дерт деуге болады. Осы тұста еріксіз "жеңгетайлық", "атастыру" салтын жаңғыртса, жағдай оңалар ма деген ойға келеді екенсің. Атастыру салтын жаңғырту арқылы қазіргі кезде түрлі себептермен отбасын құрмай, жүріп қалған қыз-жігіттердің санын біршама азайту әбден мүмкін. Бірақ баяғыдай қатаң феодалдық тәрбиемен емес, екі жастың келісім, разылығымен. Себебі қазіргі қыздар мен жігіттер айтсаң, көне салатын, ауылдан алысқа ұзап көрмегендер емес. Керісінше, отбасын құрмай жүріп қалғандардың дені - жоғары білім алып, сол саланың әбден сақа маманы болу үшін барын сала кірісіп, тіпті сол жолда өз жеке басын ұмытып кеткендер. Сондықтан оларды "айттым-біттіге" көндіру арқылы атас-
тыру мүмкін емес. Бірақ ақылмен ғана қолға алып, жөнін табуға болады. Себебі мен өзім көзбен көріп жүрмін, айналамда-ақ талай жақсы-жақсы жігіттер мен қыздар жүр, білім десе - білім, қызмет десең - қызметі бар, көрікті де ақылды. Бірақ жастары 30-дың ар жақ-бер жағында болса да, әлі отбасын құрмаған. Осы орайда атастыру, яғни ағайын арасынан, дос-жаран, туыс арасынан оның өзіне сәйкес адам қарастырғанда тұрған ештеңе жоқ. Қайта қазіргі кезде нақ осы нәрсе біртіндеп азайып бара жатыр. Ал өзі әрең шаңырақ құрайын деп тұрған екі жастың арасына неғұрлым кедергі болмау керек. Себебі олар онсыз да таңдап, талғап жүрген жаста.

d878709277a5795fd7f70a9cf4c87e6f-700x467.jpg

Ал атастыру дегенге келсек, мұның тәрбиелік мәні өте зор. Біріншіден, екі жақ құдалардың бірін-бірі тануы, текті жердің қызын алып, текті жерге қыз беруі деген өте керемет нәрсе. Себебі екі жақтың пайым-парасатының арқасында қосылған екі жастың сыйластығына осы факторлар өте жақсы әсер етеді. Бірақ осы ретте баяғының атастыру салтының заңын 100 пайыз ұстанудың да қажеті жоқ. Себебі біздің салт-дәстүріміздің сақталу реті де қазіргі кезде әр облыста әртүрлі сипатта. Қарапайым мысал, бір аймақта қалың мал бар, екінші аймақта жоқ деген секілді. Сондықтан бұл жерде әр аймақтың өз ерекшелігін ең бірінші кезекте ескеру керек. Неғұрлым дәстүрді заманауи үлгіге бейімдеу керек. Заманауи дегеніміз, екі жақ құданың бір-біріне шектен тыс материалдық салық артпауы, яғни "менің қызым осындай, сондықтан оған осынша қалың мал бер немесе бізге мынадай киіт кигіз" деуді доғарған жөн. Себебі көп ретте жастардың арасына сын түсіретін осындай мәселелер. Қысқасын айтқанда, егер осы мәселені шеберлікпен қолға ала білсек, біздің еліміздегі бойдақ қыз-жігіттердің саны едәуір азайып, демографиямыз жақсарар еді, ұлттық генофондымыз нығаяр еді. Бүгінде кез келген елдің өз ұлттық қауіпсіздігін сақтауы үшін төл ұлттың саны 15 миллионнан кем болмауы шарт. Біздің осы ретте ойланатын, тіпті шапшаң шешім шығаратын жөніміз бар. Отбасы дегенді әркім өз басына ғана қажет дүние деп емес, мемлекетті нығайту жолындағы басты құндылық деп танып, дер кезінде соған өз үлесін қосуға асығуы тиіс. Ал отбасын құрғандар болса, тек өз жағдайларын ғана ойламай, қасында әлі соған жете алмай жүрген жалғызбастылардың жағдайын да ойлай жүруі тиіс.

"Үйленіңдер, көбейіңдер"

Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған ауылдағы ағайын арасында бойдақтар сирек кездеседі. Сосын жеті жасар баласынан бастап келешекте қатын алуға қамданады. Ауылдағы жігіттердің ерте есейетіні, даладағы отбасы институтының жетілгені осындайда анық байқалады. Ақ неке қиып, үй болу - Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у) сүннеті, үйленуге шамасы жеткендер үшін Ислам дінінің әмірі. Бір хадис шәрифте: "Үйлену - менің сүннетім" десе, басқа бір хадисте: "Үйленіңдер, көбейіңдер, мен сендердің көптіктеріңмен қиямет күні басқа үмбеттерге мақтанамын" деп бойдақтарды үй болуға шақырған. Әрдайым айналасындағы сахабаларын дүниеге қатты қызығушылықтан сақтандырып, шаңырақ көтеруге үндейтін. Бірде пайғамбар сахабаларын дүние-мүлікке беріліп кетуден сақтандырған кезде хазреті Омар (р.а.): "Сонда өмірден не алайық?" - деп сұрайды. Алла елшісі: "Зікір айтатын тілі, шүкіршілік ететін ділі бар, ақырет үшін сендерге жәрдемші болатын салиқалы мұсылман әйел алыңдар" - деп мұсылмандық тәрбиемен сусындаған, үлкендерді, ерін сыйлайтын, кішілерге мейіріммен қарайтын иманды, ибалы әйелдердің дәрежесін көтеріп, мағынасы терең сөзімен сүйіншілеген.


Бойында тақуалығы бар, сенімі кәміл ер азаматтар жасы келгенде некеге салмақты қарағау шақырған.

Сүрбойдақтар Қазақстан әскерінен екі есе көп

Еліміздегі демограф һәм санақшы Мақаш Тәтімовтің кәрі қыздар проблемасымен қатар, сүрбойдақтардың да тым көбейіп бара жатқанына алаңдаушылық білдіріп, дабыл қаққанына да біраз жылдың жүзі болды. Жыл жылжыған сайын сүрленген бойдақтардың қарасы қалыңдап барады. Осыдан екі жыл бұрын санақшы көкеміз сүрбойдақтардың саны 150 мыңнан асып кетті деген-тұғын. Осы орайда статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанның халық саны 19 169 550-ге жеткен. Оның ішінде ер азаматтардың саны - 9 584 765 болса, 9 584 785 әйел адам өмір сүріп жатыр. Яғни, сол 150 мыңның сапын толтырып жүргендердің дені - 30-дан асып, 50-ге иек артып қалғандар. 2021 жылғы мәліметке сүйенсек, елімізде 25 жастан жоғары үйленбеген немесе тұрмыс құрмаған 3 миллион адам өмір сүріп жатыр. Әрине, бұл - қорқынышты сандар. Бұл - өзекті өртер өкінішті жағдай ғана емес, қоғамның да қасіреті. Қазіргі жастардың 30-40 пайызы отау құруға құлықты емес. Олар үшін отбасын құру емес, жан бағу бірінші кезекке шықты. Осы мәселеге тереңірек жіті мән берген бір-екі халық қалаулылары сүрбойдақ салығын салайық деп мәселе көтерген еді. Алайда аяқсыз қалды.

Следующая →