Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазіргі таңда тіс емдеу саласында жаңалықтар көп

Ауыз қуысының саулығы - жалпы денсаулықтың, әл-ауқаттың және өмір сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі

Усть-Каменогорск и ВКО / Қазіргі таңда тіс емдеу саласында жаңалықтар көп

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, ауыз қуысының аурулары әлемде 3,5 миллиард адамда кездеседі. Сонымен қатар, тіс жегісі инфекциялық аурулар арасында көшбасшы болып табылады. Қазақстандағы балалардың 75%-ы тіс жегісінен зардап шегеді. Сондықтан ауыз қуысы мен тіс күтіміне аса мән беру қажет.

Тіс емдеумен стоматолог мамандар айналысады. Стоматолог болу да оңай емес. Бұл дәрігерлерден асқан шеберлікті, қолдың ептілігін қажет етеді. Қазақ халқында "Әкеден ұл туса игі, әке жолын қуса игі" деп бекер айтылмаған, және солардың бірі Әділ Ержанұлы. Ол стоматолог династиясын жалғап келе жатқан білікті маман. Бала кезінен стоматология әлемін көріп өскен Әділ мырза өзінің болашақ мамандығы стоматолог болатынына нық сенімді болған.

Бала кезімде көзбен көріп, қолмен ұстағаным стомалогияның құрал-жабдықтары болды. Біздің балалық шағымыз еліміз егемендік алған жылдармен тұспа-тұс келгендіктен, бізде көп ойыншықтар болмады. Сондықтан болар, мен тістердің гипсті модельдерімен ойнап өстім. Мамандық таңдағанда менде басқа нұсқа болған жоқ. Мен өзімді басқа салада елестете де алмадым. Бірақ ата-анам менің ойымды, қалауымды сұрады. Мені ата-анам қинаған жоқ, бұл мамандықты өз еркіммен таңдадым, - деп атап өтті білікті маман Әділ Ержанұлы.

Әділ Ержанұлының әкесі көп жылдық тәжірибесі бар стоматолог, анасы фельдшер, қарындасы да жуықта осы мамандық иесі атанып, 2 жыл болды тіс емдеп
істеп жүр.

Білікті дәрігер болу үшін білімнен бөлек, тәжірибе керек. Әділ Ержанұлы бұл тәжірибені күні-түні жұмыс істеп жинады.

Әділ Ержанұлы әкесі білім алған С.Д. Асфендияров академиясына грантқа оқуға түсіп, ата-анасын бір марқайтады. Ол жерде 2014 жылға дейін оқып, кейін Семейдегі медакадемияға ауысып, Өскеменде жұмыс істей бастайды. 2015 жылы Нұр-Султан қаласына барып, күндіз бір клиникада, түнде екінші клиникада, сонымен қатар бір ауруханада кезекші дәрігер болып жұмыс істейді. 2016 жылы Өскемен қаласына қайта келіп, тағы да күндіз және түнде жұмыс істеп, тәжірибесін шыңдай береді. Әр үш ай сайын стоматолог дәрігерлерге арналған түрлі біліктілікті арттыру курстарына қатысады. Оның қолында біліктілігі туралы дипломнан бөлек, тістерді емдеу, реставрациялау, эндодонтия (түбірін емдеу) сертификаттары бар. Имплантты орнатуды Мәскеу қаласының білікті мамандарынан, брекеттерді орнатуды ТМД елдеріне танымал ортодонт Бахром Назрулаевтың өзінен үйренеді.

2019 жылы жалға алынған орында өз клиникасын ашу мүмкіндігі туды. Бірақ жалға алынған ғимаратта жұмыс істеу уақыты шектеулі еді. Қажырлы еңбегінің арқасында жуықта Әділ Ержанұлы жеке ғимараттың иесі атанып, сол жерде жеке клиникасын ашты.

Ең әуелі бұл клиенттерге күндіз-түні үздіксіз қызмет көрсетуге мүмкіндік береді, - дейді дәрігер.

стоматология - фото Ә. Ержанұлының жеке мұрағатынан (1).jpg


Көптеген адамдар тіс жұлдыру мен тіс жегісін емдеуді ғана біледі. Тіс емдеудің бұдан басқа да түрлері мен аурулары бар ма?

- Жұлдыру, емдеуден басқа, имплант салу, коронколар орнату, оның ішінде металсыз коронкалар тағу және көп жағдайда тіс-жақтың ақауларын емдеу сияқты жағдайлар кездеседі. Қазіргі балалардың негізгі мәселелерінің бірі - туа біткен кейбір тістері шықпайды. Біздің тілде бұл "первичная адентия" деп аталады. Яғни, адамның астынғы-үстінгі жағында 4 күре тісі болса, өскелең ұрпақта ол жерден тек 3 тіс қана шығып отыр. 4 тістің біреуі шықпай қалады. Айта кету керек, егер бала мұрынмен емес, ауыз қуысымен көп тыныс алатын болса, оның тістерінде деформация басталады. Осыған көп мән беру керек. Ақыл тістердің де адамның ауыз қуысына сыймай, өзге тістерді итеріп, ығыстырып, тістерді бұзу жағдайы кездеседі.


Қандай жағдайда, симптомдарда адам стоматологқа бірден жүгіну керек?

- Тістерде қарайған дақты байқаған кезден бастап емдету дұрыс. Себебі сол кезде тістің аз бөлшегі ғана бұзылады, оны емдеуге аз уақыт кетеді, сәйкесінше төленетін ақшасы да аз болады.


Тіс емдеуде қандай замануи технологиялар қолданылады?

- Пародонтология деген бар. Яғни, тістердің босап кетуі, орнынан қозғалып тұруы жиі кездеседі. Оны "Вектор" деген аппаратпен емдейміз. Тағы бір емдеу тәсілдерінде плазма қолданамыз. Адамның өз қанын алып, центрефугадан айналдырып, плазмасын өзінің қызыл иегіне саламыз. Сонда адамның қызыл иегі тезірек жазылады.

Қазіргі кезде жұлынған тістердің орнына имплант тістер орнату заман талабына айналды. Заман бір орында тұрмайды, технологиялар қарыштап дамуда. Болашақта тіске имплант орнатпай, жаңа тіс өсіретін заманның да куәгері болуымыз әбден мүмкін.


Тістерді ағарту тренді бар. Бұл тістерге зиян емес пе?

- Бастапқыда менің өзіме тістерді ағарту зиян болып көрінетін. Бірақ сауда өкілдері оның еш зиянсыз екеніне сендіруде. Яғни, ол эмаль арқылы ішке еніп, дентиннің түсін өзгертеді. Эмаль негізі түссіз, тіске рең беретін ол дентин. Сондықтан ол ағартушы зат дентинге кіріп, оны ішінен ағартады. Бұл тістің эмаліне еш зиян тигізбейді дейді-мыс.

Брекеттер, винирлер не үшін қажет?

- Қажеттілік болса, брекет қойдыру керек. Тіс жақ аномалиялары, яғни, жақтары қисық болса, тістеуі дұрыс болмаса, тістері орнында болмауы көптеген ауруларға әкеледі. Тісте пародонтоз болуы мүмкін, тастар жиі жиналады, тіс жегі пайда болады. "Сына тәрізді ақау" деген бар - мойын бөлігі жағында тістердің шеті дұрыс күш түспегендіктен сына бастайды. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін брекеттер тағуға кеңес беремін.

Винирлер бұл - қазіргі күні тырнаққа жағылатын бояу сияқты, әсемдік үшін жасалады. Тістің эмалінің жартысы алынып, орнына үстіне керамикалық қаптама жабыстырылады. Қазір винирлерді адамның өз эмалінен де мықты деп айтады. Менің ойымша оңы алдынғы тістерде тіс жегісі пайда болып, оны емдеп, пломбының үстінен пломбы орнатқан соң қойған дұрыс. Кейбір адамдарда флюороз деген ауру болады. Бұл ауру кезінде тістерде қоңыр дақтар пайда болады. Гипоплазия сияқты ауру бар. Яғни, тістің эмалі таза, бүтін болмаған кезде қажеттілік ретінде винир салуды ұсынар едім. Егер адамның өз тісі сау болса, әсемдік винирлердің қажеттілігін көріп тұрған жоқпын. Өзім шамамен көктем кезінде бұл бағытты да қолға алуды жоспарлап отырмын. Сол кезде егер винирлердің қажеттілігі мен пайдасы расымен жоғары екеніне көзім жетсе, бұл ойымды да өзгертуім мүмкін.

Стоматолог дәрігерге біліктілікті арттырып отыру маңызды ма?

- Стоматологияда біліктілікті арттыру өте маңызды. Медицинаның өзге салаларымен салыстырғанда, стоматологияда күнде жаңалық ашылып, тіс емдеу бағытында өзгерістер енгізіліп отырады. Заманның талабына сай, қазір бір жаңалықты білу үшін, басқа жаққа барып, үйренудің де қажеті жоқ. Ғаламтор желісінде барлық жаңашылдықтар жарияланып отырады. Ізденген адамға үйренетін
дүние көп.

Өз басым біліктілікті арттыру мақсатында 3 айда бір рет арнайы курстардан өтіп отыратынмын. Болашақтағы жоспарларымның ішінде ай сайын біліктілігімді арттыру үшін қандай да курстардан өтіп отыру бар. Мұндай курстарға қатысудың өзінің жағымды жақтары көп, сен жаңа ақпаратпен танысасың, жаңа таныстар табасың, тәжірибе алмасасың.

Дәрігер ретінде кеңесіңіз?

- Тістің күтіміне мән беру қажет. Егер балаңыздың тістері қисық өсіп келе жатқанын байқасаңыз, бірден жөндеткен дұрыс. Себебі бала өскенде жақтары да өседі, оны орнына келтіріп жөндеу ұзағырақ уақыт алады. Үлкен кісілер протезсіз жүре береді, бұл жағдайға да көп жол бермеу керек.


Следующая →