Шығыстың бір ауылына бұғы кіріп кеткен
Бейнежазба авторы жабайы аша тұяқтының жараланбаған, аман-сау екенін айтады, тек ауылдың иттері ғана үріп қуалап үркіткен
Шығыс өңірінде жабайы бұғы ауыл тұрғындарының көзіне тапа-тал түсте түскен, деп хабарлайды Zakon.kz сайты. «Астана» телеарнасының сюжетінде жануардың Бутаково ауылына адасып кіріп кеткені айтылған.
- Бұл бұғы, сірә, бақшалардың соңында жиналып тұрған шөптен пайда табу үшін келген болар. Әдетте бұл өңірде қыс қаһарлы болып, аяз қысса, ормандағы аңдарға азық-түлік табу қиындап кетеді, - делінген бейнежазбаның астындағы мәтіндік жазбада.
Түз тағыларына ұшырасқан болған тағы бір қызық сәтке Керегежар (Павлодар) облысының тұрғындары куә болды. Олар қыран бүркіттің қоянды қалай аулағанының куәсі болды. Құс ұзақ уақыт бойы жемтігін ұстай алмай әуеде қалықтап жүрсе де, бәрібір мақсатына жетті.