ШҚО тұрғыны өз балаларына 800 000 теңге қарыз болып қалған
Ер адам жұмысы болмағандықтан алимент төлеуден жалтарған, енді сот орындаушылары қарызды өндіріп алады
Аягөз аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөліміне жеке сот орындаушысынан 38 жастағы алимент төлемей жүрген адамды іздестіру туралы қаулысы келіп түсті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Көші-қон қызметінің қызметкерлері 24 сағат ішінде алимент төлемей жүрген азаматтың орналасқан жерін анықтады. Бір жылдан астам уақыт бойы екі баласына алимент төлемеген ол ауылда тұрады екен. Берешектің жалпы сомасы 800 000 теңгеден асқан. Ер адам жұмыссыз қалғанын, осыған байланысты төлей алмайтынын түсіндірген. Енді қарызды өндіріп алумен сот орындаушылары айналысады.
Атқару құжатын орындамағаны үшін заңмен ҚР ӘҚБтК-ның 669-бабы бойынша әкімшілік және ҚР ҚК-ның 139-бабы "балаларды асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке жарамсыз ата-аналарды, еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) асырауға қаражат төлеуден жалтару" бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылға, - деп мәлімдеді Көші-қон қызметіндегілер.