Өскемен
ясно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +12°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +22°
$
439.43
-2.23
473.31
-1.83
¥
60.98
-0.02
4.82
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-ның 5,5 мыңнан астам медицина қызметкері оқудан өтті

2017 жылдан бастап өңірде Ұлыбритания, Германия, Жапония, Италия, Польша, Литва, Израиль және Ресейдің жетекші шетелдік клиникаларында медициналық кадрларды оқыту бағдарламасы іске асырылуда

Усть-Каменогорск и ВКО / Более 5,5 тысяч медработников прошли обучение в ВКО
Фото:
Устинка LIVE

Дәрігерлер онкология, кардиология, кардиохирургия, нейрохирургия, медициналық оңалту және гинекология сияқты басым бағыттар бойынша білім алуда.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, соңғы бес жыл ішінде 5 571 медицина қызметкері оқытылды. 336 дәрігер шетелде біліктілігін арттырды. Тек 2021 жылдың өзінде Израиль, Польша, Ресей клиникаларында 65 маман білім алды.

Жалпы, 2021 жылы денсаулық сақтау саласына барлығы 27 млрд теңге бағытталды. Жергілікті атқарушы органдардың бірінші кезектегі міндеті коронавирус инфекциясымен күрес жүргізу.

Вируспен күрестегі басты және бірден – бір тиімді қару-бұл вакцинация. Осыған орай, облыста 343 егу кабинеті ашылған. Ауылда жылжымалы пункттер мен мобильді кешендер ұйымдастырылды. Вакцинация деңгейі бойынша облыс еліміздің басқа өңірлері арасында көш бастап тұр.

Өңірде 39 ковидтік бөлімшеде қажетті орын саны қамтамасыз етілген. Медициналық ұйымдарда 90 күнге дәрілік заттар мен жеке қорғану құралдарының қоры бар. 18 компьютерлік томограф, 67 рентген аппараты, 370 өкпені желдету аппараты жұмыс істейді. ПТР-тестілеуді 20 зертхана жүргізеді.

Алайда, коронавирустық инфекцияның жалғасып жатқан пандемиясы жағдайында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелері ерекше өзекті болып қала бермек.

Соңғы 5 жыл ішінде халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 3 мыңнан астам заманауи жабдық сатып алынды, бұл жоғары технологиялық медициналық техниканың көлемін 2,5 есе арттыруға мүмкіндік берді. Жедел жәрдем автокөліктерінің паркі 216 бірлікке жаңартылды.

Ауылдық медициналық мекемелерді жабдықтау және оларды жоғары деңгейге көшіру бойынша шаралар қабылдануда.

Ядролық медицина әлемдегі денсаулық сақтауды дамытудың негізі болып табылады. Біздің өңірде ол сәтті іске қосылды. Семейде радиофармпрепараттар өндіруден бастап радионуклидтік диагностика мен терапия жүргізуге дейінгі толық циклды қарастыратын ядролық медицинаның бірегей орталығы іске қосылды.

Радионуклидтік терапия бөлімшесі – елдегі бірінші және жалғыз бөлімше. Семей перинаталдық орталығының базасында балаларды оңалту және катамнез орталығын жаңғырту аяқталда. Өз кезегінде, облыс орталығында маммология және гинекология реанимациясы бөлімшесінің операциялық блогы жаңғыртылып, гематология орталығының құрылысы жалғасып жатыр. Жасушалық және гендік-инженерлік технологияларды пайдалану жобаның негізгі ресурсы болады.


Следующая →