Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +12°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +11°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.89
+0.08
477.93
+1.11
¥
62.02
+0.02
4.76
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Семейдің іргесіндегі кентке аурухана керек

Cуықбұлақ кентінің тұрғындары медициналық көмек алу үшін қашықта жатқан Семейге сабылуға мәжбүр

Усть-Каменогорск и ВКО / Семейдің іргесіндегі кентке аурухана керек

Алайда алдағы уақытта 6-7 мыңға жуық тұрғыны бар кентке жаңа емхана салынбақ. Бұл туралы шаһар басшысы Бақытжан Байахметов мәлімдеді. Ол "Жан Ер" медициналық орталығында болып, клиника басшылығының жаңа емхана салу туралы ойын қабылдаған.

Мен клиника басшылығының Суықбұлақ кентінде алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек ауруханасын салу туралы ұсынысын қолдадым. Мұнда 6-7 мыңға жуық тұрғын тұрады. Олар медициналық көмек алу үшін қала орталығына баруға мәжбүр, - дейді қала әкімі. - Жер қатынастары бөліміне мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында клиника құрылысы үшін жер телімін бөлуді тапсырдым. Өз кезегінде клиника басшысы құрылысты қысқа мерзімде аяқтауға уәде берді.

Жалпы "Жан Ер" медициналық орталығы пандемия кезінде тәулік бойы жұмыс істеген жалғыз аурухана екен. Осы уақыт ішінде, мұнда төрт жарым мыңнан астам адам вакцинацияланған.

2013 жылы құрылған көпсалалы емдеу-диагностикалық орталықта 250 қызметкер алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді. Мұнда өзінің зертханалық зерттеулерін жүргізуге арналған заманауи жабдықтар бар.

Оңалту сипатындағы рәсімдер кешені, емдеу-сауықтыру рәсімдері, барлық органдардың УДЗ жүргізіледі, - деп атап өтті Бақытжан Байах-метов. - Шетелдік өндірістің рентген аппараттары бронх-өкпе патологиясын, сүйек-буын жүйесін дәл диагностикалауға мүмкіндік береді. Егер клиника алғаш ашылған кезде жүз адамға қызмет көрсетсе, қазір қала тұрғындарының контингенті 6 мыңнан асады.

Қадамдық қолжетімділік қағидаты бойынша, мұнда лазерлік офтальмологиялық хирургия, ангио-хирургиялық, отоларингологиялық және анестезиологиялық-реанимациялық көмек бойынша стационарлық көмек көрсетеді. Амбулаториялық-емханалық жағдайда да операциялар жүргізіледі.

Стационарлық бөлімшелер жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге арналған жаңа құралдармен жабдықталған. Бұл күрделі операцияларды жүргізуге және офтальмологиялық, стоматологиялық, отоларингологиялық профильдегі және тамырлы хирургия операцияларының тізімін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Семей Аурухана