Өскемен
облачно
+7°
  • Өскемен
    +7°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +4°
  • Қызылорда
    +12°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +10°
  • Туркестан
    +7°
  • Шымкент
    +12°
$
488.11
530.09
¥
68.52
5.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО қызыл" аймақта: карантиндік шаралар күшейтілді

Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

Усть-Каменогорск и ВКО / ВКО в "красной" зоне: карантинные меры ужесточили
Фото:
Устинка LIVE

Шектеулер Қазақстан аумағында жаңа "Омикрон" штаммының айналымымен, сондай-ақ елде және облыста covid-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттану жағдайларының көбеюімен байланысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары арасында covid-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы" 2022 жылғы 17 қаңтардағы №1 Қаулыға және ШҚО-ның "қызыл" аймаққа көшуіне сәйкес 20 қаңтардан бастап шектеу шараларын қатаңдату көзделеді.

 Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, 20 қаңтардан бастап ШҚО-да қосымша алдын алу шаралары, оның ішінде Ashyq жобасына қатысатын объектілерде жұмыс істей бастайды.

 Объектілерде, Ashyq жобасына қатысқанына қарамастан, тыйым салынады: 

  •  концерт залдарының, театрлардың, цирктердің, филармониялардың қызметі; 

  • діни бірлестіктер объектілерінде (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) ұжымдық іс-шаралар (жұма намазы, діни жоралар және т. б.) өткізу; 

  • конференциялар, семинарлар, көрмелер, форумдар; 

  • түнгі клубтардың қызметі; 

  • қоғамдық тамақтану объектілерінде бар тағандарға қызмет көрсету, ән айту және би бойынша қызметтер көрсетумен караоке қызметі (қоғамдық тамақтану бойынша қызметтерді қоспағанда); 

  • жеке кездесулер өткізу(вакцинацияланған 10 адамға дейін).

Спорттық-сауықтыру орталықтарына, фитнес-орталықтарға, йога-орталықтарға, моншаларға, сауналарға, бассейндерге тек Ashyq жасыл мәртебесі бар адамдарға ғана кіру. 

Ашық ауада да, үй ішінде де, отбасылық, еске алу іс - шараларын, той тамалақты үйде де өткізуге тыйым салынады. Тек Ashyq жобасымен 30 адамға дейін қатысатын объектілерде еске алу шараларын өткізуді болады. 

Қоғамдық тамақтану объектілерінде бір үстелге келушілер саны 4 адамға дейін (әртүрлі үй шаруашылықтарынан) қысқарады; қызыл аймақтағы кинотеатрлардың (Ashyq жобасына қатысушылардың) толымдылығы 30% - дан аспайды. 

Адам өмірін сақтаумен айналысатын объектілерді және коммуналдық шаруашылықты қоспағанда, COVID-19-ға қарсы вакцинациялауды жүргізуге қарамастан, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың әкімшілік персоналының кемінде 70%-ы қашықтықтан жұмыс нысанына көшірілуі керек. 

 17 қаңтардан бастап облыстың білім беру объектілері өз қызметін келесі жұмыс режимінде жүзеге асыратын болады: 

барлық мектептер – қашықтықтан оқыту форматында, вакцинациялаудың толық курсын аяқтаған 9, 11-сыныптарды қоспағанда – олар штаттық форматта. Сыныпта covid-19 ауруының 1 жағдайы тіркелген кезде-сынып 14 күн ішінде үй карантиніне оқшаулануға жатады; 

колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері – аралас оқыту форматында: барлық дәрістер онлайн, икемді кесте бойынша: тәжірибелік, зертханалық, семинарлық сабақтар штаттық режимде. Оқу орны әкімшілігінің қалауы бойынша вакцинациялаудың толық курсын аяқтаған вакцинацияланған студенттерді штаттық режимде оқытуға жол беріледі. 

 Қосымша білім беру ұйымдарында оқыту – штаттық режимде жеке сабақтар, топтық – 10 адамға дейін, балалар/ересектер үшін түзету орталықтарында – 10 адамға дейін жеке және топтық сабақтар штаттық режимде рұқсат етіледі. 

Енгізілген шектеулер елдегі және облыстағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға, аурулар санының ұлғаю қаупін азайтуға, неғұрлым қатаң шектеу шараларын енгізуге жол бермеуге бағытталған. 

 Қаулы 17 қаңтардан бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады. ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықты ҚР және облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің санитарлық ережелері мен қаулыларының барлық талаптарын сақтауға шақырады.

Следующая →