ШҚО тұрғыны ЭКҰ бағдарламасы арқылы өзінің тұңғышын өмірге әкелді
Бұл бақытты сәттерін өскемендік ерлі-зайыптылар 2016 жылдан бері күткен екен
Айта кетейік, бұл сәби экстракорпоральді ұрықтандыру арқылы МӘМС жүйесі аясында қолжетімді болған шара.
Ана мен бала өзін жақсы сезінеді, ұл бала салмағы - 3661 грамм, бойы - 52 см.
Жаңа жылды біз көптен күткен ең үлкен сыйымызды алдық. Сондайбақыттымын. Барлық жұмыстар тегн, МӘМС аясында болды, отбасымыздан еш шығын шыққан жоқ. Ұлымыздың атын Марк деп қойдық, - деп бөлісті Өскемен қаласының тұрғыны 35 жасар Алена Долгих.
Тағы бір айта кететін жайт, өңірге бөлінген квота саны былтыр өсіп, 500 квотаны құрап отыр. Бұл 5 немесе одан да көп жыл бала сүйе алмай, ата-ана атанғысы келіп, үміттерін арқалаған отабсылық жұптарға берілетін квоталар.