Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

2022 жылы Семейде не өзгермек?

2022 жылы Семей шаһарында бюджеттік қаржыландыру есебінен тұрғын үйлер салу және оған инженерлік желілер жүргізу, Шығыс кенті мен Шақаман ауылының су құбырларын қайта жаңарту және кеңейту көзделген

Усть-Каменогорск и ВКО / 2022 жылы Семейде не өзгермек?
Фото:
Семей қаласы әкімдігінен

Сонымен қатар, қала жолдарын жөндеу, оң жақ көлік бұрылыстарын салу, білім беру нысандарындағы кіреберіс жолдар мен "Семей-Талица" автожолын жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Қала ішінде 14 аула абаттандырылып, балаларға арналған 16 спорт және көпфункционалды алаңдарын орнату жоспарланған.

Бақытжан Кәкенқажыұлы өзінің инстаграм парақшасында қалалық мал қорымы салынатынын мәлімдеді.

Әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары бойынша Қайнар ауылына дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады және ауыл жолдарына ағымдағы жөндеу жүргізіледі. "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы аясында Мұқыр және Мұрат ауылдарына кіретін жолдар жөнделеді. Барлық қаржыландыру көзінен әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға 6 миллион 360 мың 900 теңге қарастырылған, - дейді Бақытжан Кәкенқажыұлы.

20-шы сессияға жиылған депутаттар ауылдық жерлердің жағдайын да талқылады. 2022 жылы Абыралы ауылдық округінде балалар ойын алаңы салынбақ. Ақбұлақ, Жиенәлі және Новобаженово ауылдарына көше шамдары орнатылады. Алғабас ауылында бұрынғы ғаламтор ғимараты жөнделеді, ал Көккентауда сумен жабдықтау жұмыстары басталмақ. Талица мен Жарқын ауылдарының көше шамдарын жаңартып ауыстыру жоспарланған.

Отырыс соңында Мәслихат депутаттары Семей қаласы мен ауылдық округтердің 2022-2024 жылдарға арналған бюджетін бірауыздан қолдады.

Следующая →