Өскемен
облачно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +21°
  • Ақтөбе
    +29°
  • Актау
    +30°
  • Орал
    +33°
  • Қарағанды
    +21°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +24°
  • Қызылорда
    +32°
  • Павлодар
    +22°
  • Петропавловск
    +20°
  • Тараз
    +28°
  • Туркестан
    +24°
  • Шымкент
    +30°
$
476.01
490.15
¥
70.64
7.81
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шардағы цемент зауыты қайта іске қосылады

Өткен аптада Жарма ауданының әкімі жұмыс сапарымен Шар қаласының іргесінде орналасқан цемент зауытына барып қайтты. Кейінгі екі жылда зауыт жұмысы тоқтап тұрған болатын

Усть-Каменогорск и ВКО / Шардағы цемент зауыты қайта іске қосылады
Фото:
Үржар ауданы әкімдігінен

Оны қайта іске қосу үшін келген “Sharcem” ЖШС ағымдағы жылдың қазан айынан бастап қайта жаңғырту жұмыстарын кешенді түрде жүргізуде. Енді тек қажетті қондырғылардың уақытында жеткізілгенін күтіп отыр, қолға тие салысымен зауыт іске қосылмақ. Бүгінгі таңда серіктестік барлық әлеуметтік қарыздарды өтеген. Зауыт басшылығының болжамы бойынша наурыз айында іске қосу жоспарланған.

“Sharcem” ЖШС-ның цемент өндіру ісінде өзіндік тәжірибесі бар. Өйткені ол Алматы облысында да цемент өндіріп отыр. Енді Шардағы зауытты қайта жарақтай отырып, аз уақыт ішінде толық күшіне енгізбек. Бүгінгі таңда 200-ден астам адам еңбек етіп жатса, оның 150-і жергілікті тұрғындар. Зауыт толық күшіне енген шақта жұмысшылар саны 400-ден асатын болады және зауыт басшылығы негізінен жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр, - деді Жарма ауданының әкімі Ахметқали Нұрғожин.

Кәсіпорын - фото Үржар ауданы әкімдігінен (3).jpg

Зауыттың жаңа басшылығы мен аудан әкімдігі арасындағы екі жақты келіссөз жүргізуде бірқатар әлеуметтік мәселелер талқыланып, маман даярлауда Шар қаласындағы кәсіби оқу орнының мүмкіндіктерін пайдалану жақтары пысықталды. Өз кезегінде аудан әкімі экономикалық және әлеуметтік ахуалға ықпалы зор зауыт жұмысын қолдауға ынталы екенін жеткізді.

Следующая →