Е-Qoldau-дың ауыл халқына қандай пайдасы бар?
Интернетке қолы жетпейтін аймақтардың бұл проблемасын "Қазақтелеком" компаниясы "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы аясында шешіп жатыр
E-Qoldau деп аталатын терминалдар тек Wi-Fi сигналын таратып қана қоймайды, сонымен қатар, USB-қосқыштар, пайдаланушыны сәйкестендіру үшін деректерді оқу жүйесінен ақпарат алуға мүмкіндік береді.
E-Qoldau қоғамдық қол жеткізу нүктелері мемлекеттік қызметтердің кең спектрін электрондық форматта алуға және компьютерлері жоқ тұрғындарға қажетті құжаттарды жүктеуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, терминалдар арқылы ауыл тұрғындары өздерінің зейнетақы шоттарының жай-күйін тексере алады, оларда тіркелген жылжымайтын мүлік туралы анықтама ала алады, телемедицина сервистерін пайдалана алады, пошта қызметтеріне және курьерлік жеткізуге тапсырыс бере алады, сондай-ақ теміржол және авиабилеттер сатып ала алады, - деп түсіндірді Шығыс өңірлік телекоммуникация дирекциясының баспасөз хатшысы Дана Шәкәрімова.
Е-Qoldau-дың көмегімен ауыл тұрғындары түрлі қызметтерді алу үшін мемлекеттік органдар мен жеке құрылымдардың қызметтерін пайдалана алады, олардың ішінде: салықтар мен айыппұлдарды төлеу, жеке басын куәландыратын құжаттарға өтініш беру, электрондық үкімет функциясы арқылы түрлі анықтамаларды алу, қалалық және жергілікті дәрігерлердің қабылдауына жазылу, коммуналдық қызметтерді төлеу, балабақшаға кезекке тұру, телекоммуникация қызметтеріне өтінімді ресімдеу және тағы басқалары бар. Осылайша жаңа аппарат ауылдық елді мекендердің тұрғындары үшін цифрлық қызметтер әлеміне жол көрсеткен цифрлық көмекшіге айналады.
Еліміз бойынша 290-нан астам E-Qoldau қоғамдық қол жеткізу пункті орнатылды, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында 45 терминал: Аягөз, Глубокое, Жарма, Катонқарағай, Көкпекті, Тарбағатай, Ұлан, Үржар, Шемонаиха аудандарында қосылды. Облысымыздың барлық өңірін толықтай қамтамасыз ету үшін алдағы уақытта тағы 32 E-qoldau аппараттары орнатылмақ.