Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +21°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО құтқарушылары бір тәулік ішінде 17 адамды эвакуациялады

Қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін ТЖ департаментінің қызметкерлері тұрғындардан өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды сұрайды

Усть-Каменогорск и ВКО / Спасатели ВКО за сутки эвакуировали 17 человек
Фото:
ДЧС ВКО

Шемонаиха ауданында Заслонов көшесі бойынша екі қабатты тұрғын үйдің кіреберісінде қатты түтін болды. Өрт сөндірушілер ғимаратты дереу тексерді. Қауіпсіздік мақсатында 10 тұрғын эвакуацияланды, олардың төртеуі бала, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. 

Глубокое ауданында, Быструха ауылында дүкен ғимаратында өрт шықты. ТЖД қызметкерлерінің келуі кезінде өрт шатыр, еден, терезе және есік блоктарын, стеллаждар мен тауарлық құндылықтарды қамтыды. Нәтижесінде ғимараттың төбесі құлады. 

 Өрттің шығусебебі - пешпен жылыту құрылғысы кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, атап айтқанда жанып жатқан пештің түтін мұржасының қыздырылған қабырғасының термиялық әсері нәтижесінде төбелік жабынның ағаш конструкцияларының жануы болған, - деп түсіндірді ШҚО ТЖД. 

 Өскеменде Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы бес қабатты үйдің кіреберісінде қоқыс жанып кетті. Өрт сөндірушілер 1970 жылы туған тұрғынды тапты, ода өнімдердің жануынан улану белгілері бар, ол ауруханаға жатқызылды. 

Өрт сөндірушілер жеті тұрғынды эвакуациялады, олардың үшеуі бала болды. Алтай ауданында жеке тұрғын үйдің ауласында шаруашылық құрылыстар блогының ағаш құрылымдары өртенді. 

 Өрттің ықтимал себебі - электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, - деп хабарлады ШҚО ТЖД. 

 Төтенше жағдай туындаған жағдайда 101 және 112 телефондарына хабарласқаныңыз жөн.
Фото:
ДЧС ВКО
Следующая →