ШҚО-да 74 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы ревакцинациядан өтті
Шығыс Қазақстан облысы тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияға қарсы жүргізіліп жатқан вакцина-профилактикалық шаралар мен шектеу шараларының талаптарын сақтаудың арқасында тұрақты түрде «жасыл» аймақта
2022 жылғы 4 қаңтардағы жағдай бойынша вакцинаның бірінші компонентін 909 344 адам, ал екінші компонентін 901 976 адам алды.
Қарашаның үшінші онкүндігінен бастап аймақтағы жалпы егу науқанына 12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер, жүкті әйелдер (жүктіліктің 16-дан 37-ші аптасына дейін) және бала емізетін әйелдерді (босанғаннан кейін 42 күн) Pfizer/BioNTech шығарған «Комирнати» вакцинасымен егу қосылды.
2022 жылғы 9 қаңтардағы жағдай бойынша вакцинациялауға жататын 84 248 адам Комирнати вакцинасының 1-компонентін алды, оның ішінде 2260 жүкті әйел, 6071 бала емізетін әйел, 75 917 жасөспірім бар. 2-компонентпен 38 623 адам егілген, оның ішінде 766 жүкті әйел, 2 525 бала емізетін әйел, 35 332 жасөспірім, - деп мәлімдеді ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Вакцина салдырған адамдарда вакцинаға қолайсыз реакциялар тіркелмеген.
Елімізде «Омикрон» штаммы Sars-Cov-2 вирусының таралуына байланысты қазір кейбір өңірлерде эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлаған.
Алаңдауға негізгі себептердің бірі – «Омикрон» коронавирусының жаңа штаммының жылдам таралуы және азаматтардың белсенді қозғалысымен байланысты, сонымен қатар сақтық шараларын елемеуі, маскалық режимді сақтамауы, көпшілік жиналатын орындарға баруы.
Эпидемиологтар мен иммунологтардың пікірінше, ревакцинация екінші екпені алған күннен бастап 6 айдан кейін «омикрон» коронавирусының жаңа штамынан қорғауға көмектеседі.
2022 жылғы 9 қаңтардағы соңғы мәліметтерге сәйкес облыста 73 877 коронавирусқа қарсы ревакцинациядан (үшінші бустерлік доза) өтті. Иммундық жүйені нығайтуға ревакцинация QazVac, VeroCell вакциналарымен жүргізілуде, - дейді мекеменің баспасөз қызметі.
ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыс тұрғындарын COVID-19-ға қарсы вакцина алуға шақырады, соның салдарынан біз бәріміз қалыпты бұрынғы өмірге орала аламыз. Вакцинацияның мақсаты – КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырып, ұжымдық иммунитетті қамтамасыз ету.