Өскемен
пасмурно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    -8°
  • Астана
    -12°
  • Ақтөбе
    -8°
  • Актау
    +4°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -14°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    -5°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -15°
  • Тараз
    -5°
  • Туркестан
    -4°
  • Шымкент
    -7°
$
523.86
544.34
¥
71.77
5.11
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Күршімдегі көпір құрылысы тоқтап қалды ма?

5 жыл ішінде Күршім ауданында 58 миллиард теңгеге 180 іс-шараны іске асыру көзделген

Усть-Каменогорск и ВКО / Күршімдегі көпір құрылысы тоқтап қалды ма?
Фото:
Е. Үсенов ұсынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың 2 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған басым бағыттардың бірі - шекаралық аудандарды дамыту. Осы орайда Президент тапсырмасына сәйкес шекара маңындағы аудандарды дамыту мәселелерін зерттеу, оны шешудің бағдарламасы негізінде облыс әкімі Даниал Ахметовтің қолдауымен Күршім ауданының 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары әзірленіп, бекітілді. 5 жыл ішінде Күршім ауданында 58 миллиард теңгеге 180 іс-шара іске асыру көзделген. Олардың 31 миллиард теңгесі Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір салуға бағытталған.

Өздеріңіз білетіндей былтыр Күршім ауданына өте қажетті көпір құрлысы басталған болатын. Стратегиялық нысанды салуға бастапқыда республикалық бюджеттен 30 миллиард теңге бөлінген. Алайда бұл қаржы аздық етіп, облыстағы осы нысанға жауапты басқарма тағы 20 миллиард теңге сұрған. Президент пәрменінен соң жоба мақұлданып, тиісті жұмыстар басталған. Жоба бойынша 2 жолақты автокөлік көпірінің ұзындығы 1316 метр, ені 12,2 метрді құрайды. Бүгінде уақытша көпірдің судағы 137 метр жеріне диаметрі 1000 және 1450 сантиметр болатын арнайы темір тіреулер қағылып, үсті бетон конструкциямен жабылған. Алайда соңғы бір жылда құрылыс қарқын ала алмай келеді. Есесіне Күршім мен Зайсан ауданының халқы елу жыл болған ескі пароммен жүріп келеді. Бүгінгі таңдағы құрылыс қарқыны туралы аудан әкімі мәлімдеме берді.

- Қазақ тағылымында көпір салу қасиетті іс екенін ескерсек, осы жобаның игілігін көретін күн де алыс емес. Көпір салу бойынша жұмыстар бекітілген жоспарға сәйкес атқарылып келеді. Қазіргі уақытта айына екі рет барып мониторинг жүргіземіз. Ешқандай жұмыс тоқтап қалған жоқ, жұмысшылар вахталық кезекпен жұмыстарын қарқынды істеп жатыр. Бүгінгі таңда көпірдің 137 метрі салынып бітті, енді сол көпірдің үсінде жүріп, негізгі көпірді салу жұмыстары басталады, - деді аудан әкімі Дулат Қажанов.

Аудандағы тағы бір өзекті мәселе - қараусыз қалған кәріз суын тазарту құрылымы. Нысан қаңырап бос тұр, ал құбырлары шіріп, істен шыққан. Яғни, Күршім ауылындағы лас кәріз суы тікелей өзенге құйылып жатыр.

Күршім ауылындағы кәріз суларын тазарту құрылымын жөндеуге қатысты барлық құжаттар реттеліп, Нұр-Сұлтан қаласына жіберілген. Алайда министрліктің жуабы бойынша, халқы 300 мыңнан аспайтын елді мекендерге құрылым салуға әзірге мараторий жарияланған екен. Сондықтан болашақта модульдік шағын құрылым салу жоспарда бар, - дейді аудан әкімі. Әрине бұл да уақыт еншісінде.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Күршім Көпір