Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да "Тәуелсіздік марафоны" өтті

Тұғырлы Тарбағатай ауданы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын айрықша дайындықпен қарсы алып, өнегелі іс-шараларды қолға алған. Соның бірі - Тәуелсіздік марафоны

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да "Тәуелсіздік марафоны" өтті
Фото:
Тарбағатай ауданы әкімдігінен

лого_каз_рус_англ_30_лет_РК_rgb-pdf.jpg

Аталған марафон биыл осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Марафоншылар 85 шақырымдық жолды жаяу жүгіріп өткен.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және келер жылы толатын Қазақ халқының қаһарман ұлы, бас сардар Қаракерей Қабанбай батырдың туғанына 330 жыл толуына орай 85 шақырымдық дәстүрлі III эстафеталық "Тәуелсіздік марафоны" ұйымдастырылды. Марафоншылар Ақсуат пен Ырғызбай әулие кесенесі арасындағы 85 шақырымдық жолмен жүгіріп өтті. Шараға 30-дан астам ауыл тұрғыны қатысқан. Марафонға қатысқан спортшыларға ұйымдастырушылар атынан сыйлықтар таратылды. Биылғы марафондағы ерекшелік - қазақ халқын жоңғар басқыншыларынан азат ету жолында ерен ерліктің үлгісін көрсеткен, шайқастарда 103 рет жекпе-жекке шығып, бәрінде жеңіске жеткен Қаракерей Қабанбай батырдың алдағы 330 жылдығы құрметіне арналған.

Спорт - фото Тарбағатай ауданы әкімдігінен (9).jpg

Біздің осындай сайыс-тарды өткізудегі мақсатымыз - жас-тарды қолдау, оларға салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың бұқаралық спортқа қызығушылығын арттыру, жамағаттардың бірлігін бекемдеу. Ерекше айта кететіні - марафонға жастар көп қатысты. Шараның шарты бойынша марафоншылар арнайы киімдер киіп, қолдарына ту ұстап жүгірді, - дейді "Барқытбел-несие" серіктестігінің басшысы Саят Садуанов.

Марафон негізінен бұқаралық спортты насихаттаумен қатар жастарға Тәуелсіздіктің қадірін сезіндіруді, рухын көтеріп, жігерін оятуды мақсат еткен. Бір қуантарлығы дәстүрлі марафонға қатысатын жастарымыздың саны жылдан-жылға көбеюде. Бұл Тәуелсіздікке деген айрықша құрметті аңғартса керек.

Осыдан біраз жыл бұрын Қазақстанның бес облысы мен төрт мемлекетті басып өтіп, бірнеше мың шақырымды артқа тастап, Мекке-Мадинаға жаяу жүгіріп барған әйгілі марафоншы Дулат Иманқажының да осы шараға келуі Тәуелсіздік марафонының абройын асқақтата түскендей.

Фото:
Тарбағатай ауданы әкімдігінен
Следующая →