Өңірлік Қоғамдық кеңестің отырысы өтті
Nur Otan партиясы жанындағы отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өңірлік Қоғамдық кеңестің отырысы өтті
Nur Otan партиясы ШҚОФ жанындағы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік Қоғамдық кеңес отырысының 2021 жылғы 24 қарашадағы №6 хаттамасына сәйкес кеңес отырысында «Алтай» балалар футбол клубы қызметінің мәселелері талқыланды.
Жиында Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары С.К. Кусумбаев, ШҚО жазғы спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі директорының орынбасары И.С. Ким, "Алтай" футбол клубының спорт директоры В.Н. Федоровтар осы салада атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндама жасап кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.