Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да 37 782 адам "Комирнати" вакцинасының бірінші дозасын алды

Коронавирус инфекциясының пандемиясы басталғаннан бері облысымызда тіркелген науқастардың жалпы саны – 49893, олардың: 39447-сі ауру белгілерімен (симптоммен); 10446-сы ауру белгілерінсіз (симптомсыз). Ал соңғы тәулікте 25 жағдай тіркелді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да  37 782 адам «Комирнати» вакцинасының бірінші дозасын алды

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы 8 қарашадан бастап «жасыл» аймақта. Коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың күнделікті тіркелуінің төмендегені көрсетілуде, репродуктивті сан бүгінгі күні бірден аз. 9 желтоқсанда облыс бойынша репродуктивті санның орташа мәні 0,991-ді құрады.

9 желтоқсандағы мәлімет бойынша облыста коронавирустан бірінші компонентімен 907 533 тұрғын егілсе, екінші компонентпен 895 462 адам егілді.

Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдегендей, қараша айының үшінші онкүндігінен бастап облыста 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін аналарды «Комирнати» вакцинасымен иммундау жүріп жатыр.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, коронавирустық инфекцияға қарсы қорғану мақсатында 37 782 адам «Комирнати» вакцинасының бірінші дозасын алды, олардың ішінде 34 577 жасөспірім, 708 жүкті және 2497 бала емізетін әйелдер, - дейді ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департамент басшысының орынбасары Ғалымбек Алин. - Облыста КВИ-ге қарсы вакцинация 253 егу кабинеттерінде жүргізіледі.

2021 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №46 «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» қаулысы шығып, «Қазақстан Республикасында «Комирнати» (Пфайзер, АҚШ) мРНҚ-ның коронавирустық инфекциясына қарсы халыққа вакцинация жүргізу» әдістемелік ұсынымдарын бекітті.

2021 жылғы 7 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 20 қазандағы №46 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 2021 жылғы 7 желтоқсандағы №52 қаулыға сәйкес КВИ-ге қарсы вакцинациялауға мына тұлғалар жатады:

1) 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер;

2) жүкті әйелдер – жүктіліктің 16 аптасынан бастап 37 аптасына дейін;

3) лактация кезеңіндегі әйелдер – босанғаннан кейінгі кезең аяқталғаннан кейін (42 күннен кейін) бала 2 жасқа толғанға дейін.

Бұл ретте, 12 жастан 18 жасқа дейінгі шетелдік жасөспірімдер, оның ішінде ҚР аумағында үздіксіз 3 және одан да көп ай оқитын және тұратын студенттер де КВИ-ге қарсы вакцинациялауға жатады.

12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге вакцинация жүргізу кезінде мыналарды қамтамасыз ету қажет:

  • бастапқы кезеңде КВИ-ге қарсы профилактикалық егуді 16-дан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді вакцинациялаудан бастау керек;
келесі кезеңдерде (16-дан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді КВИ-ге қарсы вакцинациялау аяқталғаннан кейін) басқа – 15, 14, 13 және 12 жастағы жасөспірімдер рет-ретімен вакцинацияланады.  

Нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес кез келген егу алдында дәрігер/ фельдшер егілетін баланың ата-анасының немесе заңды өкілдерінің ақпараттық келісімін ресімдеу кезінде қарауы тиіс. Егер науқаста қандай да бір клиникалық бұзылушылықтар байқалса немесе қарсы көрсетілімдер болса (белсенді затқа немесе вакцинаның кез келген компоненттеріне аллергия, 12 жасқа дейін, 16 аптаға дейін жүктілік, полиетиленглюкольге ауыр аллергиялық реакциясы бар адамдар), онда оған вакцинация тағайындалмайды, - дейді Ғалымбек Жақсыбекұлы.

Қалай болғанда да, жасөспірімдер ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің жазбаша келісімімен вакцинацияланады. Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес, кез келген вакцинациядан бұрын дәрігер, фельдшер аллергиялық немесе созылмалы ауруларды анықтауға көмектесетін медициналық тексеруді (клиникалық тексеру, артериялық қысымды, сатурацияны, температураны өлшеу) жүргізеді, қажет болған жағдайда медициналық қарсылықты рәсімдейді.

Екпеден кейін жеңіл жағымсыз реакциялар болуы мүмкін. Олар – әлсіздік, температураның көтерілуі және бас ауруы. Сонымен қатар, бір-екі күн инъекция орны ауырсынуы мүмкін, - дейді бас санитардың орынбасары. - Сондықтан жасөспірімдер вакцинациядан кейін кемінде 30 минут медицина қызметкерінің бақылауында болуы керек. Кейіннен медициналық бақылау келесі 3 күн бойы егілген жасөспірімдердің ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне қоңырау шалу арқылы жүргізіледі. Бұл ретте медициналық бақылау мектепте де, тіркелген жері бойынша медициналық ұйым тарапынан да жүргізіледі.