Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Күршімде жаңа үйдің пеші тағы да жарылды

Күршім ауданында көпбалалы аналарға салынған жаңа үйлердің бірінің пеші тағы жарылды. Бұл жағдай осымен екінші рет қайталанып отыр. Ашынған аналар аудан әкімі Дулат Қажановтың қызметтен кетуін талап етуде

Усть-Каменогорск и ВКО / Күршімде жаңа үйдің пеші тағы да жарылды

Естеріңізде болса, Күршім ауданында көпбалалы аналарға берілген үйдегі пештің жарылғанын, бюджет ақшасына салынған үйлердің сапасы төмен екені туралы газеттің өткен сандарының бірінде жазған болатынбыз. Ол кезде жер үйлердің бірінің астынан су шығып, артынша жылыту пеші жарылған еді. Ешкім зардап шекпеген. Дегенмен, аудан әкімдігі олқылықтың орнын дереу жоямыз деп тұрғындарды сендірген болатын. Үйді салған мердігер компания қираған пеш пен қабырғаны тұрғызып берген.

Енді көп ұзамай осындай жағдай тағы қайталанып отыр. Аталған мәселені "Үйлесім" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Жұлдыз Ақтанжанова өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Бұл пештердің ақауы бар екенін, эксплуатацияға жарамсыз екенін осы әлеуметтік желіде бірнеше рет жазғанмын. Бірақ сол кезде әкім тарапынан жиналыс жасап, аналарды алдап, уәде берумен ғана шектелді. "Бұл пештердің жарылуы бір-ақ рет болды, енді қайталанбайды, Алматыдан басқа пештер әкеліп орнатамыз" деген сынды уәделер әлі күнге шейін қарқынды орындалып жатқан жоқ! "Бюджет ақшасы резиновый емес" деп айтыпты Дулат Кажанов. Бюджет резиновый болмаса, адамның да өмірі ойыншық емес. "Нерезиновый" бюджет туралы әуел баста осы пештерге мемлекеттік сатып алу порталында тапсырыс бергенде ойлану керек болған, - деп жазды Жұлдыз Ақтанжанова.

Оның айтуынша, жарылыс болғанда балалар сабақта болған. Желіде тарап жүрген видеоматериалда көрсетілгендей, оқиға салдарынан жаңадан салынған үйдің қабырғасы қақырап айырылып, терезелері орнынан қозғалып, төбесі де жарылып кеткен. Бұл үйлер енді тұруға жарамсыз екені анық көрініп тұр.

Күршім ауданы ТҮКШ басшысы денсаулығына байланысты демалыста, аудан әкімінің орынбасары Шораяқов мырза еңбек демалысында. Аналардың жаңа тұрғын үйге қатысты мәселелі сұрақтары бар екенін біле тұра, немқұрайлық танытып, адам өмірінің қауіпсіздігіне желүсті қараған әкім орнын босатсын. Бүгін Дулат Кажанов орнын босатпаса, жаман айтпай, жақсы жоқ, ертең неше ана мен баланың ажалына себепкер болып қалмайық. Екі жағдайда да көпбалалы аналардың балалары сабақта болып, аман қалды. Жарылыс түнде болса ше? Неше адамның өмірі қиылар еді? - дейді Жұлдыз Ақтанжанова.

Оқиға орнында қазір арнайы жұмыс тобы құрылды. Аудан әкімдігі болса, мәселеге тұрғындардың өздерін кінәлауда. Орын алған жағдай бойынша төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, аудан прокурорының орынбасары, полиция бөлімінің басшысы, аудандық маслихат хатшысы және ауылдық округ әкімінен тұратын жұмыс тобы құрылып, пештің жарылу себебін анықтауда. Төтенше жағдайлар қызметінің алдын ала деректері бойынша, ақаулық жылыту қазандығының дұрыс пайдаланылмағандығынан, яғни, судың жеткіліксіз мөлшерде болғандығынан дейді. Қуанышқа орай, адам шығыны жоқ. Бүгінде оқиға жергілікті атқарушы органдардың арнайы бақылауында.

Бірінші жағдайда да үй иесінің пешті дұрыс қолданбағанынан жарылыс болған, - дейді аудан әкімінің орынбасары Ерлан Шораяқов.

Бір айдан астам уақыт денсаулығына байланысты жұмыста болмаған Күршім ауданы сәулет, құрылыс, ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Акрамовқа осы жағдайға қатысты хабарласқан едік…

Қазіргі таңда пештің жарылуына байланысты арнайы топ құрылып, тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүлінген пеш құрылысты жүргізген фирма тарапынан жөнделетін болады, - деп қысқа қайырды бөлім басшысы.

Десе де, тұрғындар әкімдіктің бұл уәжімен еш келіспейді. Себебі үй әу баста сапасыз салынған көрінеді. Ал пештерге келер болсақ, тексеретін тұстары көп. Ең жаманы, бұл пештердің ошағы жеке салынбаған. Жазда осы сұрақты көтерген едік, "жоба солай келді, жобаға сәйкес салынды" деп жауап берген.

Следующая →