Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әскерилер үшін жаңа оқу жылы басталды

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының штабында жаңа оқу жылының басталуына орай салтанатты сап түзеу рәсімі өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Әскерилер үшін  жаңа оқу жылы басталды

Салтанатты жиын барысында "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Асан Жүсіпов сөз алып, барлық санаттағы әскердің өткен жылғы жетістіктері мен жаңа оқу жылына қойылған тапсырмаларды жеткізді. Келесіде сөз алған "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының бірінші орынбасары – штаб бастығы генерал-майор Қуанышбек Үштаев жоғарғы жауынгерлік дайындық пен әскери дайындықты, әскерилердің моральдық-психологиялық жай-күйін баяндады.

Біздің басты міндет - Отанға адал қызмет ету. Өңірлік қолбасшылықтың әскери қызметшілері Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығында "Ұлы дала әскері - Тәуелсіздік тірегі!" ұранымен еліміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты барлық іс-шараларға қатысты. Осылайша жауынгерлік әзірлігі мен әскери даярлықты шыңдады. Әскери бөлім жаңа оқу жылына да толық дайын, - деді генерал-майор Қуанышбек Үштаев.

Салтанатты шарадан кейін мемлекеттік-құқықтық дайындық сабақтары өткізілді.

Жаңа 2022 оқу жылының қарсаңында әскери қызметшілерге салтанатты түрде қару-жарақ пен әскери техника тапсырылып, қауіпсіздік шаралары бойынша кешенді сабақтар да өткізілді. Қауіпсіздік ережелерін жеткізу бойынша сабақтарға барлық әскери қызметшілер қатысты. Арнайы 14 оқу орны әзірленген шарада жеке құрамға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Генерал-майор Қуанышбек Үштаевтың айтуынша, аталмыш дәстүрлердің жаңа оқу жылы қарсаңындағы маңызы зор, сондай-ақ барлық әскери техникалар қысқы пайдалану жағдайына келтірілді, құжаттама және оқу-материалдық база әзір.

Қарулы Күштердің алдағы 2022 оқу жылы жауынгерлік даярлық "Қарулы Күштердің 30 жылдығына – біздің ерен еңбегіміз" ұранымен өтеді.

Следующая →