Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Күршім ауданында балалар апаттық жағдайдағы мектепте оқып отыр

Күршім ауданына қарасты Жолнұсқау ауылындағы білім ордасының апаттық жағдайда тұрғанына жарты ғасыр болды

Усть-Каменогорск и ВКО / Күршім ауданында балалар апаттық жағдайдағы мектепте оқып отыр

Сынып бөлмелерінің төбесі опырылып, құм саулап, астынан қойылған тіреуге сүйеніп әрең тұр.

Неге жаңа мектеп салынбады?

Дәл осы мектептің апаттық жағдайда тұрғанын бізге 2019 жылы ауыл ақсақалы Дәлелхан Сәкенов айтқан еді.

Алда-жалда төбе опырылып кеткен жағдайда не болатынын ойлаудың өзі қорқынышты. 47 баланың талапқа сай жаңа мектепте лайықты білім алуға хақылары толық қой. Спорт залдың жоқтығынан оқушылар дене шынықтыру сабақтарын доп ойнап, жүгіріп, секіріп емес, партада отырып өткізеді. Осы ретте басшы азаматтардан сұрайтынымыз - ауылымызға жаңа мектеп салынса екен. Бізге екі-үш қабатты зәулім ғимараттың қажеті жоқ, бір қабатты білім алуға қолайлы, балалардың амандығына алаңдатпайтын қарапайым мектеп болса, жетеді, - деп қынжылып еді қария.

Жергілікті тұрғындардың сөзіне сүйенсек, Жолнұсқау мектебін 1970 жылы ауыл балықшылары өз қолдарымен салған екен. Саманнан салынған мектеп 1971 жылдан бері пайдаланылып келеді. Мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстарына жылда азын-аулақ қаржы бөлінеді. Бұл қаржыға іші-сырты сырланып, жамап-жасқалынады. Алайда бұл қаржы апаттық жағдайда тұрған мектепті толығымен жөндеуге жетпейді.

Негізінен ауылдың екі жағындағы екі ауылда да жаңа мектеп салынған. Апаттық жағдайдағы мектепті жауып, Жолнұсқау тұрғындарының балалары жақын жердегі ауылға апарып оқытылсын деген де сөз шыққан екен. Алайда жақын жердегі ауыл Ақсуатқа дейін 20 шақырым. Сол Ақсуатқа апаратын күре жолға дейін жол жоқ. Күре жолға жеткізетін 19 шақырым жолмен жазда ғана жүруге мүмкіндік бар. Күзде, көктемде сары балшығы шыққан жолмен жүру мүмкін болмай қалатын көрінеді.

Мектептің тоз-тозы шыққаны күні кеше ғана емес, 20-25 жылдың жүзі болған. Тек 2014 жылы Өскеменнен комиссия келіп тексеріп, апаттық жағдайда деген шешім шығарған. Жолнұсқауға мектеп салуға жобалық-сметалық құжат бір емес, екі рет жасалғанымен, экономикалық жағынан негізсіз делініп, мектеп салуға қарастырылған қаражат көлемі көп делініп, ауданда жасалған жоба облыс-тан өтпей қалып, мектеп сол күйі салынбай қалған.

Алайда 2019 жылы осы мәселені көтеріп мақала жазарда облыстық Білім басқармасына журналистік сұраухат жолдаған болатынбыз. Мекеме басшылығы "Жолнұсқау ауылында мектеп салуға бюджеттік тапсырыс берілген, жобасы жасалынды, облыстан мақұлданды. Тек келер жылы емес, мектеп құрылысы 2021 жылы бас-талады" деп жауап берген болатын. Алайда 2021 жыл бітіп, алда жаңа жыл келе жатыр, мектеп салынбақ түгілі, іргетасы да қаланбаған. Балалар әлі де сол мектепте оқып жатыр.

Осы мәселені тағы бір қаузап, тағы да құзырлы мекемеге хат жолдадық. Берілген жауап төмендегідей.

Қазіргі таңда Жолнұсқау ауылындағы негізгі орта мектепте оқу процесі санитарлық талаптарға сәйкес жүргізіліп жатыр. Аталған мектепте 21 қызметкер жұмыс істеп, 47 оқушы білім алуда. Жалпы 2025 жылға дейін облыста 33 мектеп салу жоспарлануда. Соның ішінде 2022 жылы Жолнұсқау ауылындағы мектеп құрылысын бастау жоспарланып отыр, - дейді ШҚО Білім басқармасының басшысы Сарйнагүл Жұмаділова.

Сонымен жаңа мектеп неліктен 2021 жылы салынбағаны белгісіз.

2021-2022 оқу жылында санитарлық талаптарды ескере отырып оқу процесі жүргізіледі. Мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша 650 млн теңге көзделуде. Жаңа мектеп салынған соң, ескі мектеп ғимараты бұзылады, - деп қосты Күршім аудандық білім бөлімі басшысының м.а. С. Жақсыбаев.

Осылайша тоз-тозы шыққан мектепте балалар енді 1 жыл білім алады екен. Алайда "жарты ғасыр болған мектептің қабырғалары енді бір жыл шыдас берер ме екен?" деген күдік те, күмән де, қорқыныш та жоқ емес.

Мектептің апаттық жағдайда және тіреуіштермен тұрғаны рас. Бұл мәселе ағымдағы 2022 жылы шешімін табады деген ойдамын. Себебі жақында ғана осы Жолнұсқау мектебі мәселесі бойынша аудан әкімі Дулат Қажановтың қабылдауында болдым. Ол кісінің айтуынша, мектеп құрылысына 280 миллион теңге қаражат бөлу жоспарда бар. Қаражат бөлінісімен арнайы мердігер компанияларды бекітіп, құрылысты басталмақ. Бұйырса 2022 жылдың қыркүйегінде шәкірттер жаңа мектептің табалдырығын аттайды деген жақсы ниеттеміз. Әзірге "шықпа, жаным, шықпаның" күйін кешіп, тосудан басқа амалымыз жоқ, - дейді Балықшы ауылдық округінің әкімі Ержан Тілеубаев.

Амалсыздан балаларын мектепке жіберген ата-аналар жандарын шүберекке түйіп келеді. "Жаман айтпай, жақсы жоқ", ертең біреудің баласы мертіксе, оған кім жауап бермек?

Бұл жауырын болып біткен әңгіме. Мен өзім ауыл тұрғыны, ата-ана ретінде бұл мәселені бірнеше рет қозғап, жазған болатынмын. Бірақ бұдан шыққан нәтиже жоқ. Мектептің жәй-күйі нашар, апаттық жағдайда, оны ойлап жатқан билік жоқ. Өздері жылы-жұмсақ жерде отырғанда балаларымыз мынау тозығы шыққан, не бір асханасы, не бір дәретханасы жоқ мектепте білім алуда. Осыдан кейін білімге, ілімге, ғылымға көңіл бөлуді сұрайды. Үреймен отырып алған білім - білім бола ма? Осы мәселені жоғарғы жақтағыларға жеткізіп, екі этажды мектеп болмаса да, бір қабатты мектеп салып беруді сұраймыз, - дейді Жолнұсқау ауылының тұрғыны, баласының өміріне алаңдаулы ата-аналардың бірі Шайсолтан Сарсеков.

Урунхайдағы мектеп жабылып қалған

Шығыс Қазақстан облысында барлығы 644 мектеп болса, онда 194 907 бала білім алуда. Ал Білім басқармасы облыста апаттық жағдайда деп танылған мектептің жоқтығын мәлімдеді.

2025 жылға дейін облыста 33 мектеп салынады. Ағымдағы жылы 3 мектептің құрылысы жүргізілуде. Олар: Семей қаласында екеу және Риддер қаласында бір мектеп. Семей қаласындағы екі мектеп ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі, - дейді Сайрангүл Ахметкәрімқызы.

Күршім аудандық білім бөлімі Урунхай негізгі орта мектебі аппатық деп танылып, жаңа мектеп ғимаратын салуға жобалық-сметалық құжаттар облыстық Экономика басқармасына өткізілгенін хабарлады.

Қазіргі таңда ескі ғимарат жабылған, оқушылар мектеп жанындағы шағын орталық ғимаратына көшіріліп, оқу процесі екі ауысымда жүргізілуде, - дейді Күршім аудандық білім бөлімі басшысының м.а. С. Жақсыбаев.

Ал аудан бойынша барлығы 41 мектеп болса, онда 3919 бала білім алып жатыр екен. Биыл ауданда жаң мектеп салынбаған.

Жалпы, білім сапасын жақсартамыз десек, мектеп ғимараттары да сол талапқа сай болуы тиіс. Апаттық мектептерде алаңдап отырып алған білімнің баланың миына қонбайтыны да анық. Сол сияқты Күршім ауданындағы Жолнұсқау ауылында 1970 жылы пайдалануға берілген ескі ғимаратта еліміздің келешегі болып саналатын 47 бала білім алып жатыр. Тұрғындар мен ауыл балалары заманауи технология, заманға сай кең сарай ғимарат емес, тек қауіпсіз ғана мектеп болғанын қалайды.

Апаттық жағдайдағы 9 мектеп қайда сонда?

ШҚО аумағында 647 мектеп бар болса, оның ішінде: 154 қалалық және 493 ауылдық мектеп. Биыл өңір бойынша білім беру мекемелері ғимараттарының жағдайын тексеру барысында апаттық жағдайдағы 9 және үш ауысыммен оқытуға көшу қаупі бар 2 мектепті анықтаған еді.

ШҚО Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Зейнеп Махсутованың айтуынша, бүгінде 647 мектеп тексерілген. Оның ішінде 154 қалалық және 493 ауылдық мектеп бар.

Өңір бойынша білім беру мекемелері ғимараттарының жағдайын тексеру барысында апаттық жағдайдағы 9 және үш ауысыммен оқытуға көшу қаупі бар 2 мектеп анықталды. Қазіргі уақытта облыс әкімдігінде аталған мәселені шешу бойынша тиісті жұмыс атқарылып жатыр. Нақты айтқанда, апатты деп танылған мектептердің орнына жаңаларының құрылысы басталады, - деген еді тамыз айында ғана Зейнеп Махсутова.

Следующая →