Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығындағы емханаларға бекітілу бойынша жыл сайынғы науқанның қорытындысы шықты

Осы кезеңде медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын 882 адам пайдаланды, оның ішінде емханаға алғаш рет тіркелгендер де бар

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да 15 - қыркүйек пен 15 - қараша аралығындағы емханаларға бекітілу бойынша жыл сайынғы науқанның қорытындысы шықты

Бекіту науқанының қорытындысы бойынша, халықтың бөлінуін ескере отырып, медициналық ұйымдарды келесі жылға қаржыландыру көлемі қалыптастырылатын болады. Науқан шеңберінде емхана ауысқан кезде азаматтар 2022 жылғы 1 - қаңтардан бастап ТМККК және МӘМС бойынша көмек ала алады. Аталған уақытқа дейін оларға бұрынғы медициналық ұйымда қызмет көрсетіледі, – деп атап өтті брифинг барысында ШҚО ӘМСҚ филиалы басшысы Ғалымжан Әбілов.

Бекіту науқанына барлығы облыс бойынша 63 МСАК нысандары қатысты, олардың ішінде жеке меншік емханалар да бар. Атап өту керек, жыл сайын амбулаториялық-емханалық көмек өнім берушілерінің саны өсуде, бұл халыққа медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының ШҚО бойынша филиалы директоры Шынар Әшірбаевның айтуынша, қазіргі таңда облыста 1 390 090 адам алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына бекітілген, олардың ішінде шетелдіктер мен қандастар да бар.

Естеріңізге сала кетейік, бекітілу науқаны-емхананы ауыстырудың жалғыз мүмкіндігі болып табылмайды. Мұны жылына бір рет еркін таңдау құқығымен жасауға болады, сондай-ақ егер адам тұрақты немесе уақытша тұратын жерін, жұмыс немесе оқу орнын ауыстырса, басқа елді мекенге көшсе немесе ол тұрған емхана қайта ұйымдастырылса немесе жойылса және тағы басқа жағдайларда да жүргізіледі.

Егер сізде қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, сіз жақын маңдағы емхананың анықтама қызметіне немесе өзіңізге ыңғайлы байланыс арнасы арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіне аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, 24/7 Goldau мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.

Следующая →