Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқушыларды тегін тасымалдайды

Алтай және Глубокое аудандарында оқушыларды мектепке тегін тасымалдайтын автобустар бөлінді

Усть-Каменогорск и ВКО / Оқушыларды тегін тасымалдайды

Алтай ауданындағы Александровка және Андреевка ауылдарындағы оқушылар Средигорное аулындағы мектепке тегін автобуспен жеткізілетін болады.

20 шақты оқушы көрші ауылдан Средигорное ауылына келіп-кетіп оқуға мәжбүр. Алтай ауданы әкімі Қалиқан Байғонусовтың бастамасымен мектепке "Газель" автокөлігі бөлініпті. Енді оқушыларды арнайы көлік тасымалдайтын болады. Мектепке арнайы автобус бөлінгендіктен Александровка және Андреевка ауылдарының 20 оқушысы сабақтарына кешікпей жеткізілетін болады. Сонымен қатар, енді Средигорненская орта мектебінің оқушылары білім, мәдениет, спорт салаларындағы іс-шараларға қатысу үшін өз көліктерімен баратын болады.

Аудан әкіміне балалар, ата-аналар, ұстаздар, мектеп қызметкерлері атынан шын жүректен ризашылығымызды білдіремін. Бұл жай ғана қуаныш емес, бұл балалардың денсаулығы мен әл-ауқатына деген қамқорлық, - деді ата-аналардың бірі Н.Куприкова.

Айта кету керек, жаңа автомобиль 2021 жылы Семей қаласындағы "Daewоo Bus Kazakhstan" ЖШС дайындаушы кәсіпорнынан шыққан.

Сондай-ақ, Глубокое ауданындағы Прапорщиков ауылының шаруалары мектеп оқушыларының тасымалына демеушілік жасады.

3 мыңнан астам тұрғыны бар Прапорщиков ауылының бір шетінен екінші шетіне жету үшін біраз уақыт қажет. Бұл, әсіресе, мектептен алыс тұратын оқушылар үшін қиын әрі қауіпті. Әсіресе Шәкәрім, жаңа тұрғын аймақтарындағы Сүлейменов, Абай, Луговая, Моторный көшелерінде тұратын оқушылар мектепке жету үшін кемінде 3-4 шақырым жаяу жүруі керек.

Қыс мезгілінде күн қысқарып, түн ұзарады. Оқушылар мектептен қас қарайғанда шығады. Қыстың қытымыр аязында балалар жолда тоңып қалуы мүмкін. Онымен қоса, көшеде түрлі қаңғыбас иттер жүреді, трасса бойымен көліктер ары-бері зулап өтеді. Жалғыз кетіп бара жатқан баланы салып алып кетуі де мүмкін. Бүгінгі өскелең ұрпақтың қауіпсіздігі мен амандығына біз жауаптымыз. Мектепке ойланбастан қолдау көрсеткен Сүйіндік Жанбусинов пен Балғаным Огузбаеваға ризашылығымды білдіремін, - деді депутат Айгүл Мурзаканова.

Автобус оқушыларды оқу жылы аяқталғанға дейін тегін тасымалдайтын болады. Мектеп әкімшілігі автобус тасымалын оқушылардың сабақ кестесіне қарай бейімдеді. Сондықтан оқушылардың тасымалы күніне 5 рет жүргізілетін болады.

Следующая →