Өскемен
ясно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +12°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +22°
$
439.43
-2.23
473.31
-1.83
¥
60.98
-0.02
4.82
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Бұл қағидаттар ұлттық мүдделерді көздейді

Ағымдағы жылдың 23 қарашасы күні бейнеконференция арқылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен, мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен Nur Otan саяси партиясының кеңейтілген мәжілісі өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Бұл қағидаттар  ұлттық мүдделерді көздейді

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өткен аталмыш саяси оқиға партияның алдағы жұмыс бағыттарын белгілеу және партияның жүргізген жұмыстарына қорытынды жасау болды. Биыл енгізілген маңызды бастама Nur Otan партиясының дамуындағы жаңа кезеңнің бастауы болады. Қоғамдық кеңестер құру, барлық деңгейдегі депутаттардың рейтингін енгізу, мәслихаттағы депутаттық фракциялардың қызметін жандандыру, "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" алдын ала сайлау бағдарламасының орындалуына тұрақты бақылау жасау, Nur Otan партиясының жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді.

Елбасы - партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев міндеттер қойып, нақты шешімдер жариялады. Бүгінде партия ұрандарға емес, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған нақты істерге ден қоятынына назар аудара отырып, Елбасы партияның азаматтардың ең маңызды топтарының мүдделеріне негізделген центристік ұстанымдарды ұстануы керектігін атап өтті. Адамдарды ажырату емес, біріктіру қажет - бұл партияның міндеті. Нұрсұлтан Әбішұлы адамзат алдында тұрған сын-қатерлерге егжей-тегжейлі тоқталды, біздің жаһандық мақсатымыз 2050 жылға дейін өзгермейді, Қазақстан әлемнің ең үздік дамыған 30 елінің қатарына кіруі керек. Бұл мақсатқа қол жеткізудегі ерекше рөл Nur Otan-ға жүктелген. Партия үшін жұмыста бес негізгі қағидат белгіленген: әрқашан уақытпен бірге жүру, халықтың мүдделерін басшылыққа алу, айқын мақсаттар мен оларға қол жеткізудің нақты жолдарын айту, біртұтас команданың мақсатына қол жеткізу, қоғамды партия құндылықтарының айналасына шоғырландыру.

  1. Қазақстанның одан әрі дамуынна Елбасы Тәуелсіздік жылдарында өсіп келе жатқан қазақстандықтардың жас буынына ерекше рөл жүктеді және жаңа уақытқа арналған "Мемлекеттіліктің жеті тірегі" іс-қимыл бағдарламасын ұсынды:Тәуелсіздік - әрбір азаматтың іргелі құндылығы.
  2. Бірлік пен келісім – біздің мемлекеттілігіміздің мызғымас негізі. 
  3. Жер-ата-бабаларымыздың баға жетпес мұрасы, халықтың игілігі. 
  4. Отбасы мен дәстүрлер-қоғамның негізгі тірегі. 
  5. Ұлттық мәдениет-халықтың рухани тірегі. 
  6. Білімге ұмтылу және еңбекқорлық-әл-ауқаттың кілті. 
  7. Прагматизм-бәсекеге қабілеттіліктің кепілі.

Бұл қағидаттар мемлекеттің басты басымдықтары, сондай-ақ әрбір қазақстандықтың борышы мен міндетін айқындады. Олар ұлттық мүдделерді көздейді және қазақстандық патриотизмнің жасампаздық күшін танытады.

Осы отырыстағы тарихи оқиға - Елбасы партия төрағалығы қызметін Мемлекет басшысы – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолына берді. Бұл билік тұтастығының қосымша факторына айналады және сабақтастық саясатына деген адалдықты көрсетеді. Nur Otan партиясы бұрынғысынша ел Президенті үшін басты тірек болып және жаһандық дағдарыс жағдайында маңызды болып қала бермек.

Следующая →