Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ақжардағы шұңқырдың қоршаған ортаға зияны жоқ

Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылының тұрғыны ауласында бір түнде аяқ асты пайда болған белгісіз шұңқыр жайлы айтқан болатын. Жұмбақ шұңқырдың зиян не зиян емес екенін анықтау үшін сынама алынған, араға 1 ай салып нәтижесі шықты

Усть-Каменогорск и ВКО / Ақжардағы шұңқырдың қоршаған ортаға зияны жоқ
Фото:
фотоны М. Ебикешов ұсынды

Өткен айда Ақжар ауылының тұрғыны Мәуіт Ебикешовтің ауласында кенеттен пайда болған терең шұңқыр жұртты таңғалдырды. Естеріңізге сала кетейік, үй иесі түн ортасында қатты дүрсіл естіген. Таң ата аулаға шыққанда құдық жанынан терең шұнқырды көріп таңқалған. Шұңқырды көргенде бірден "метеорит құлаған ба?" деген ойға келген. Күмәнді күдікпен бетін жауып, бірден әкімшіліктен, төтенше жағдайлар бөлімінен мамандар шақыртқан. Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінің мамандары келіп құпия шұнқырды көріп, тұрғынның сөзін растаған болатын. Мамандар шұңқырды зерттеу барысында тереңдігі 2,5 метр болатынын, қолдан қазылмағанын және бұған арнайы мамандардың зерттеу нәтижесі керек екенін айтқан еді.

Мамандар араға 11 күн салып оқиға орнынан сынама алып кеткен. Бір айдай уақттан соң, үй иесі Мәуіт мырза хабарласып, алынған сынама нәтижесі шыққанын және ол нәтижені түсінбегенін айтты.

11 күн дегенде сынаманы алып, 1 ай күткен нәтиже шықты деп әкімдік қызметкерлерінің бірі көшеде шүйінші сұрады. Нәтиже шыққанына бір жұма болған, алайда маған ешкім хабарламады да. Әкімдік қызметкері WhatsApp-қа құжат көшірмесін жіберді. Не арнайы мөрі жоқ, не берілген күні жоқ, ақпараты түсініксіз бір қағаз келді, - дейді үй иесі Мәуіт мырза.

Осы мәселенің анық-қанығын түсіндірер деген ниетпен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысына хабарласқан едік...

Санитариялық-эпидемио-логиялық бақылау комитетінің аумақтық органдары мен "Ұлттық сараптама орталығы", Тарбағатай ауданы бойынша зертханашылар бөлімшесі мамандары Мәуіт мырзаның үйіне барып, топырақ және су сынамаларын алып, жер бетіндегі радиациялық фонды анықтау үшін тесік пайда болған аумаққа дозиметрлік өлшеу жүргізген болатын. Сараптама қорытындысы талапқа сай, өлшеу нәтижесі шекті мөлшерден аспаған деп тұр. Яғни, топырақтан, судан, шөптен алған нәтиже оң. Үй иесінің алаңдауына себеп жоқ, - деді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Талант Талапбеков.

Сөзіміздің тобықтай түйіні, қанша жетілдік, дамыдық десек те көптеген жұмбақ "аномалиялық" құбылыстарды түсіндіруге әлі толық қабілетіміз жетпейтінін мойын-дауымыз керек. Қалай десек те, дөп-дөңгелек жер беті құпияға толы. Бәлкім, қырық мың құпияның ешқайсысы да ашылмайтын шығар...

Следующая →