Өскемен
пасмурно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    -8°
  • Астана
    -12°
  • Ақтөбе
    -8°
  • Актау
    +4°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -14°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    -5°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -15°
  • Тараз
    -5°
  • Туркестан
    -4°
  • Шымкент
    -7°
$
523.86
544.34
¥
71.77
5.11
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Халықтың сапалы медициналық қызмет алуларын қадағалап отырады

Бүгін аймақтық ӘМСҚ КЕАҚ филиалы ұжымы ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі департаменті превенция басқармасының басшысы Архат Бейсембаевпен кездесті

Усть-Каменогорск и ВКО / Халықтың сапалы медициналық қызмет алуларын қадағалап отырады

Кездесуді қордың орталық аппараты Қауіпсіздік қызметі ұйымдастырды.

Архат Бейсембаев қазіргі уақытта басқарма тарапынан жемқорлықтың алдын алуда, қоғамда осы кеселге төзбеушілік қалыптастыруда, жемқорлыққа қарсы мәдениетті енгізуде атқарылып отырған шаралар жайлы бөлісті.

Жемқорлық - мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Қазіргі уақытта жемқорлықты болдырмау, оны ауыздықтау бағытында өте көп жұмыстар қолға алынған. Біз қоғамның осы «дертке» әлсіз салаларын терең зерттейміз. Жалпы әдептілік, адалдық сияқты маңызды ұғымдарды қалыптастыруда идеологиялық құралдар күшейтілді, әлеуметтік желілердегі жұмысты белсенді ете түстік, - деп бөлісті басқарма басшысы.

Сонымен қатар, сөз барысында Архат Бейсембаев жемқорлық заң бұзұшылық фактілері бойынша әкімшілік және қылмыстық жазаның күшейтілгенін, осы бағытта орын алған қылмыстар туралы мысалдарды тілге тиек етті. Тағы бір айта кететін жайт, әр азаматтың қандай да бір жемқорлық фактілері немесе орын алуы мүмкін тұстары туралы 1424 Call-орталығына хабарлауына болады.

Өз кезегінде, ӘМСҚ филиалы директорының орынбасары Риза Төкежанова Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қашанда пациенттердің құқықтарын қорғау омбудсмені ретінде ең алдымен медициналық қызметті алуда біздің аймақтың тұрғындары зардап шекпеуін, тиісті көлемде әрі сапалы қызметті алуларын қадағалап отыратындықтарын жеткізді. Сондай-ақ, ұжымның ішінде ұдайы түрде заңбұзушылықтарға жол бермеу және жемқорлықтың алдын алу жөнінде түсіндірме жұмыстары өткізілетіндігін атап өтті филиал орынбасары.

Кездесу соңында ұжымға жемқорлықтың тек қоғамға ғана емес, бүтіндей отбасыға келтірер залалы турлы маңызы терең әлеуметтік бейнеролик көрсетілді.

Следующая →