Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен қаласында тағы екі полиция бекеті ашылмақ

Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, ішкі істер органдарының негізгі міндеті – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемен қаласында тағы екі полиция бекеті ашылмақ
Фото:
ШҚО ПД ЖПҚБ-дан

Полиция жұмыстың "сервистік моделіне" көшті, онда бірінші кезекте адамдардың қажеттіліктеріне жедел ден қою, қиын жағдайда азаматтарға көмек көрсету қажет. Сондықтан ІІО қызметін бағалаудың негізгі параметрі "қоғамның полицияға деген сенім деңгейі" болып белгіленді.

Ішкі істер министрлігі полицияның сервистік моделін дамытудағы үш векторын белгіледі:

- "қадамдық қолжетімділікке" халықпен тығыз өзара іс-қимыл арқылы қол жеткізіледі;

- "құқық бұзушылықтардың алдын алу" бұл жерде алдын алу шараларын уақтылы қабылдау қажет;

- "халықпен тығыз серіктестік" жергілікті қоғамдастықпен тиімді өзара іс-қимыл жасау қажет.

Полиция қызметкерлері әрдайым көмек көрсетуге дайын. Шығыс Қазақстан облысы бойынша 8 модульдік полиция бекеті бар. 6 бекет Өскемен қаласында орналасса, Семей қаласында екеу ашылды. Сондай-ақ, жыл соңына дейін Өскемен қаласында тағы екі бекет ашу жоспарда. Жаңа модульдік полиция бекетінің бірі – Өтепов көшесі бойындағы Достық дүкені жанында, екіншісі – Прохладный ауданынындағы Самал шағын-маркетінің жанында болады.

Полиция жұмысының басты принципі құқық бұзушылықты анықтау ғана емес, оның жолын кесу, кез келген уақытта халыққа көмек көрсетуге дайын болу, тұрғындармен сенімді қатынас орнату, - деді ШҚО ПД ЖПҚБ ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторы полиция майоры Данияр Мурымбаев.

Следующая →