Өскемен
облачно
-6°
  • Өскемен
    -6°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    +1°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -2°
  • Қызылорда
    -4°
  • Павлодар
    -7°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +4°
  • Шымкент
    +2°
$
495.95
524.37
¥
68.62
4.98
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да жоғары технологиялардың көмегімен емделген науқастар саны артып келеді

Медицинаны дамытудың арқасында бүгінгі таңда диагностика мен емдеудің инновациялық, бірегей әдістері – жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдана отырып, мамандандырылған медициналық көмек көрсету мүмкін болды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да жоғары технологиялардың көмегімен емделген науқастар саны артып келеді
Фото:
редакция мұрағатынан

ШҚО Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалы мәліметтері бойынша осы жылдың 10 айында ЖТМҚ арқылы 330-дан астам науқас ем алды.

Айта кету керек, жоғары технологиялық медициналық көмек қымбат тұрады және оны мамандандырылған медициналық ұйымдарда біліктілігі жоғары бейінді дәрігерлер ғана көрсетеді.

Қазіргі уақытта облыс бойынша 9 медициналық ұйым жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетеді, оның барлығы МӘМС қорының жеткізушілері болып табылады. Тағы бір атап өтеін жайт, республика көлемінде жоғары технологиялық медициналық көмек бойынша өнім берушілердің басым бөлігі ірі өңірлерде – Алматы, Нұр-Сұлтан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында шоғырланған.

Тиісінше медициналық көмектің осы түрлерін қаржыландырудың көлемі де өсті. 2021 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша облыстың стационарларынан жоғары технологиялық медициналық қызметтердің көмегімен 330 пациент емделіп шықты. Аталған емнің құны 1,5 млрд теңгені құрады. Бұл ретте, пациенттердің басым бөлігі МӘМС шеңберінде жоғары технологияларды қолдана отырып емделгенін атап өту қажет. Ал егер пациентке шұғыл көмек қажет жағдайда жоғары технологиялық көмек көрсетіледі тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемі шеңберінде қолжетімді, - дейді ШҚО ӘМСҚ филиалы медициналық көмек сапасын бақылау бөлімі басшысы Гүлмира Қабдиева.

Егер сізде жоғары технологиялық медициналық көмек алу мүмкіндіктері туралы сұрақтар туындаған болса, онда шешімін табу үшін учаскелік дәрігерге жүгіне аласыз. Көрсеткіштер болған кезде ол сізді бейінді дәрігердің кеңесіне немесе қажетті диагностикалық процедураға жібереді. Медициналық көмек алуда қиындықтарға тап болған жағдайда, сіз өзіңіздің емханаңыздағы Пациентті қолдау қызметіне хабарласуыңыз керек. Бірақ сізге сол жерде көмектесуден бас тартқан жағдайда, ыңғайлы байланыс арналары арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына хабарласыңыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, "SaqtandyryBot" Telegram-арнасы және "Qoldau24/7" мобильді қосымшасы.

Следующая →