ШҚО-да дәрігерлер 90 жастағы қартты аяғынан тік тұрғызды
Семей тұрғыны қарт әжей үй алдында жығылып, жарақат алады. Пациентке Семей қаласының Жедел медициналық көмек ауруханасы травматолог-ортопедтері жамбас буынын жартылай протездеу бойынша ота жасап беріп, аяғынан тік тұрғызды
Бұл жоғары технолоиялы көмек қарияға МӘМС аясында жүргізілді.
Қария әжей бізге жабық субкапиталды жамбас мойынының сынығымен келіп түсті. Пациентіміздің жасын ескере отырып, ота алдындағы дайындықты мұқият жүргіздік. Біз бұл ретте науқасқа көмектесудің бір ғана тактикасын қолданамыз деп шештік. Бұл – жамбас буынын жартылай эндопротездеу. Жүргізілген азинвазивті ота біздің науқасқа кейін өз аяғына тұрып, бөлімшеде алғашқы қадамдарын жасауға мүмкіндік берді. Отадан кейінгі барлық реабилитациялық шараларды өтіп, аман-сау үйіне жөнелтілді, - дейді Семей қаласының ЖМКА травматолог-ортопеді Асет Садықов.
Дәрігердің айтуынша, қарт адамдар арасындағы ең ауыр жарақаттар қатарына жататын жамбас сүйегінің сынуы қосымша басқа да аурулардың науқаста пайда болуына әкеледі. Мәселен, төсек тартып қалған сырқат адамның бойында тромоэмболия, атеросклероз, қан тамырларының тромобзына әкелуі әбден мүмкін.
Дегенмен, соңы жылдары өңірдеі жоғары технологияларды пайдалан отырып жасалатын медициналық көлемі артып келеді, ал оның ішінде жамбас сүйгеніе зақым келген пациенттер үшін бұл ота түрі қолжетімді. Әсіресе, эндопротездеу саласы қарыштап дамып келеді дейді мамандар.