Өскемен
ясно
-18°
  • Өскемен
    -18°
  • Алматы
    -7°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -4°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +2°
$
515.25
+0.32
535.91
-0.13
¥
70.6
+0.05
5.18
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-дағы балаға мәскеулік дәрігерлер денсаулық сыйлай алады

Өскемендік үш жасар Марк Шепелевтің туа біткен сирек патологиясы бар -гипоспадия

Усть-Каменогорск и ВКО / Здоровье малышу из ВКО могут подарить московские врачи

Гипоспадия - бұл ерлердің сыртқы жыныс мүшелері мен уретрасының ақаулары.

Аурумен күресуде балақайға үш күрделі ота жасалды. Бірақ, өкінішке қарай, жергілікті дәрігерлер жағдайды түзете алмады. Алайда жақындары үміт үзбейді. Оның денсаулығы мен толыққанды болашағы үшін олар төртінші операцияға шешім қабылдады, тек хирургиялық араласу көп ақша талап етеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Мен өз ұлымды уақытында дүниеге әкелдім, тексеру кезінде гипоспадия диагнозы қойылды, - деп баланың анасы Надежда есіне алады. - Үш жыл бұрын дәрігерлер операция жасаймыз және бәрі жақсы болады деп сендірді. Басында мен қатты уайымдамадым, бірақ Маркқа қарап, оның қалай азап шегіп жатқаның көріп, менің жүрегім қанжылады. Жалпы, интернетте бәрін оқып отырып, мен бұл патологияны түзете алмайтынымызды түсіндім.

Негізі отандық дәрігерлердің қатысуымен квота бойынша тек екі ота жасалуы керек еді.

Егер сіз егжей-тегжейлі айтпағанда, отаның бірінші кезеңі жақсы өтті, бірақ екінші операциядан кейін фистулалар пайда болды, - дейді Надежда. - Нәтижесінде ұлым операция үстеліне үшінші рет жатуға мәжбүр болды. Бірақ тағы да нәтижесі болмады, сол жерінің тігістері қайта ажырап кетті. Нәтижесі - бүгін бала отырып дәрет сындырады және ол өте ауыр.

Отбасы Мәскеуден келген маман Никита Валерьевич Деминді таңдады.

Ол туралы көптеген оң пікірлер келіп түсуде және тағы бір үлкен плюс - жарты жылда бір рет ол өзінің командасымен Алматыға келіп, жеке клиникада операция жасайды. Сонымен, келесі жылдың сәуір айында ол Маркты қабылдай алады, - дейді баланың анасы. - Төртінші операция тиімді болады деп сенемін және біз мұның бәрін қорқынышты түс сияқты ұмытып кетеміз.

Надежданың айтуынша, операция және үш күндік клиникада болған уақыт құны 2100 евро тұрады. Марктың ата-анасынан кейін пәтер жалдап, күн сайын жарасын таңуға баруы керек (10 күн), билеттерге ақша да қажет болады. Кем дегенде тағы бір миллион теңге қажет. Отбасының мұндай қаражаты жоқ, ғаламтор арқылы көптен көмек сұрауға тура келді.

Бүгінде бейжай қарамайтын адамдардың көмегімен 500 мың теңге жиналған.

Мен шын жүректен ризашылығымды білдіремін, біздің жағдайға үн қосып, қол ұшын берік жатқандарға. Құдай барлықтарыңызға денсаулықты берсін! - деді баланың анасы. - Балаңның азап шеккенін көруден жаман ештеңе жоқ, қтналып жатқанын көре тұра еш көмектесе алмайсың. Бірақ мен бұл сынақты міндетті түрде жеңетінімізді және өмір қайтадан ашық түстерге көмкерілетініне сенемін! Менің балам енді жыламайды.

Алда жаңа жыл – тілектер мен ғажайыптар орындалатын уақыт. Кішкентай Марк үшін жақсы сиқыршы болыңыз, оған ең бастысы – денсаулық пен бақытты болашақ сыйлаңыз!

P. S. Биыл біз облыс орталығында тұратын тотальді эписпадия дертіне шалдыққан бір сәби туралы жазған болатынбыз. Ол Сербияда бір ғана қымбат операция жасады, бақытымызға орай, ол сәтті өтті, баланың денсаулығы қалпына келеді. Дәрігерлер оның денсаулығын қашықтан қадағалап отырады, тіпті болашақта оның өз балалары болатынына кепілдік береді. Демек Марктың дертіне де шипа табылар.

Марк Шепелевке @sbor_marky көмек көрсету үшін реквизиттер: 

  • Халық банкі: kz 4444 8234 4933 0738 (Надежда Печенкина, Марктің мамасы);
  •  Kaspi Gold: 8-777-225-53-37 (Надежда Печенкин)

Следующая →