Өскемен
ясно
-9°
  • Өскемен
    -9°
  • Алматы
    -4°
  • Астана
    +1°
  • Ақтөбе
    -10°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -5°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -2°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -7°
  • Петропавловск
    -2°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    -10°
  • Шымкент
    +3°
$
524.02
+1.39
545.19
-3.47
¥
71.82
+0.08
5.09
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қандай ауа райында оқушылар мектепке бармайды?

Күздің соңғы айында елімізде ауа райы мың құбылып, тіпті облыстың кей аудандарындағы мектептерінде сабақтар болмай қалып жатыр

Усть-Каменогорск и ВКО / Қандай ауа райында оқушылар мектепке бармайды?

Облыста біресе қарлы боран, біресе дауылды жел, көктайғақ пен қар аралас жауын жауып қарашаның мазасын қашырды.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты облыс орталығынан өзге аудандардағы да мектептерде сабақтар болмай жатыр. Өткен аптада Семей қаласының бірқатар мектептерінде оқушылар үшін сабақ уақытша қашықтан оқыту форматына ауысқан болатын. Бұндай ақпарат ата-аналардың әлеуметтік желідегі топтарында тарады: "Қазіргі тәртіп бойынша мектептердің өздері шешім қабылдай алады екен. Семейде төтенше жағдайлар басқармасы мен білім бөлімі тапсырма бермесе де, көп оқу орындарының басшылары сабақты онлайн етті" делінген.

Ал ШҚО Білім басқармасындағылар мектеп басшылары өздері шешім қабылдай алмайтындығын, барлығы бекітілген тәртіппен орындалатындығын ескертеді.

Жалпы Семей қаласында 66 мектеп бар. Соның 9 мектебінде ғана ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сабақтар тоқтатылған болатын. Яғни, ол мектептер, Семей қаласынан 20-30 шақырым қашықтықтағы ауылдарды қосқанда. Бізге төтенше жағдайлар басқармасынан күнделікті таңертең ерте ауа райы бойынша мәлімет келеді. Біз оны мектеп басшыларына жібереміз, әрі қарай мектеп басшылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің № 42 бұйрығына сәйкес өздері шешім шығарады, - дейді Семей қаласы білім бөлімі басшысының орынбасары Біржан Булабаев.

Күні кеше облыс орталығында да дауылды ескерту жарияланып, тіпті екінші ауысымның 9-сыныбына дейін сабақтар болмай қалған. Ал шалғай аудандарда тұратындар ескертуді ертерек жасауды сұрайды.

ТЖД және білім басқармасынан өтінеріміз, хабарландыруды уақытында жасаса. Өйткені шалғай аудандарда тұратын балалар үйлерінен ерте шығып кетеді. Қазір күн суытса тіптен оқыс, - дейді ата-аналар.

Осы орайда Білім басқармасындағылар сабақтардың тоқтатылатындығы туралы хабар таңғы сағат 7.00-ге дейін жарияланатын болады деп сендірді.

Қолайсыз метеожағдайлар туындағанда балалар қашықтан оқытуға ауыстырылады. Сабақтарды тоқтату ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Ауа температурасы -28°C және одан төмен болғанда 1-4 сыныптарда, -32°C және одан төмен болғанда 5-9 сыныптарда, -34°C және одан төмен болғанда 0-11 сыныптар мен колледждердің I, II курстарында сабақ онлайн өткізіледі. Сондай-ақ мектеп оқушылары мен колледж студенттері көшеде көктайғақ және қатты жел болған кезде мектепке бармайды, - деді ШҚО Білім басқармасының өкілі Бұлбұл Қозыбаева.

Ауа райының қолайсыз метеожағдайлары кезінде сабақтарды тоқтату туралы хабарландыру туралы ақпаратты мемлекеттік білім беруді басқару органдары келесі тәртіппен жариялайды:

  • телевидениеде жүгіртпе жол түрінде; 
  • радиода трансляциялау арқылы; 
  • 169 (ақылы анықтама) немесе 109 (ұялы телефоннан тегін) телефоны арқылы; 
  • инстаграмдағы shygysqaz_tjd парақшасында және darmen мобильді қосымшасы арқылы.

Следующая →