Үржарлықтар тендердің зардабын көріп отыр
Үржар ауылында тұрындардға қолайлы болу үшін әр үйге ауыз су тартылып, жолдары асфальтталуда. Бұл жұмыстар 3 кезеңге бөлініп, біраз жылдар бойы атқарылып келеді. Дегенмен жұмыстар соңына дейін жеткізілмей тұр
Үржар ауылын дамыту бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Солардың бірі тұрғындарды таза ауызсумен қамтып, жолдарды асфалттау. Алайда тендерге қатысты орын алған келеңсіз жағдайларға байланысты халық жол зардабын шегіп отыр.
Дулатов көшесіне су құбырын тарту жұмыстары жүргізіліп, артынан мердігер қазылған көше топырағын дұрыс көміп, жөндеп кетуі қажет еді. Нәтижесінде су сол қалпы тартылған жоқ, ал қар, жаңбыр жауса, көліктер батпаққа батып қалады, - дейді Үржар ауылының тұрғыны Ержан Құрманов.
Қазылған жолдар қайта көміліп, бір рет тегістелген екен. Мұны бізге аудандық құрылыс бөліміндегілер түсіндірді.
Аудан орталығын сумен қамтамыз ету 3 кезеңге бөлінді. Екі кезеңі аяқталды. Үшінші кезеңі расымен ұзаққа созылды. Алайда бұл жердегі мәселе тапсырыс беруші - бізде емес. Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 12-бабы, 4-бөліміне қатысты тендерлік ұтысқа қатысушылардың істері сотпен тексеріліп жатыр. Ең алғаш «Байқоңыр» ЖШС тендерді ұтып алып, жөндеу жұмыстарын бастап кеткен. Алайда мемлекеттік тапсырыстың талабы бұзылды деп, оларды сот тергеп, екінші рет тендер ойнаттық. Мұнда да іс қайта соттың қаралуына берілді. Енді қар жауып қалғандықтан жөндеу жұмыстары көктемде жалғасады, - деп атап өтті аудандық құрылыс бөлімінің маманы Талғат Андасов. - Негізі біз барлық көше тұрғындарымен кездесу ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік.
Жалпы аудан орталығындағы 46 көшеге асфальт төселіп қойған екен. Алда үшінші кезеңмен суды тұрғындардың ауласының алдына дейін жеткізіп, жолдарды жөндеу қалды. Айта кету керек, Үржар ауданындағы сумен қамтамасыз ету жұмыстарына жалпы сомасы 1 млрд 794 млн теңге бөлініп отыр. Бұдан бөлек ауыл тұрғындары ауыл көшелерінде қоқыстар шашылып жатқанын айтуда.
Көшелерге қоқыс конейнерлерін қойып, тазалыққа халықты үйретсе дейміз. Қоқысты көшеге тастағандарға заң аясында айыппұл салынуы керек. Орталықтағы микрорайонның өзінде қоқыс контейнерлері жоқ. Олар бір жерге үйіп, артынан бір погрузчик жинап әкетеді. Әуежай салынып жатыр, ертең ауылымызға талай қонақтар келеді. Ал ауылымыздың кейпі мынау. Көшелерге камералар қойып, қоқыс тастағандарды жазаласа, екінші рет қоқыс жәшігін іздеп отырып, қоқысты көрінген жерге лақтырмайтыны анық, - деп қосты өз ауылының жанашыры Ержан Құрманов.
Үржар ауылында көпқабатты үйлерге қарағанда бір қабатты үйлер көп болғандықтан, мұнда әр үй иесі қоқыстарды өз ауласында жинап, көктем мезгілінде оларды тазалауы керек екен.
Ауылдың жанашырлары ауылдың көшесі таза, қауіпсіз болғанын қалайды. Сондықтан биліктегілерге әр мәселені ашық көтеруге дайын.Көпқабатты үйлердің аулаларында қоқыс конейнерлері бар. Ал жеке сектордағы үйлер қоқысты өртеп, не шығарып отыруы керек, - деп атап өтті Үржар аудандық тұрғын үй коммуналды шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Бейбіт Ахметов.