Өскемен
малооблачно
+8°
  • Өскемен
    +8°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +11°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +17°
$
441.58
+0.17
480
+2.22
¥
61.19
+0.07
4.86
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Танк бригадасында сержанттар жиыны өтті

Аягөз гарнизонында орналасқан танк бригадасында жауынгерлік жоспарға сәйкес сержанттар құрамының үш күндік оқу-әдістемелік жиыны өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Танк бригадасында сержанттар жиыны өтті
Фото:
Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі ұсынды

Аталмыш жиынның мақсаты – сержанттардың әдістемелік және тәжірибелік дағдыларын жетілдіру арқылы жеке құраммен жұмыс кезінде жауынгерлік даярлық сабақтарын жүргізуге үйрету және кәсіби даярлық пен іс-жүзіндегі дағдыларын жетілдіру болып табылады, деп мәлімдеді Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі.

Әдістемелік жиынды сапалы өткізу мақсатында арнайы сабақ жетекшілері мен нұсқаушылар тағайындалып, теориялық сабақтар өтетін сыныптар толық материалдық базалармен қамтылды.

Іс-шараның теориялық бөлігі оқу-әдістемелік фильмдер мен презентациялар көрсетілген дәріс сабақтарынан тұрды.

Сонымен қатар, бағынысты жеке құраммен жеке тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша да сабақтар өткізілді. Бұл ретте мерзімді қызметтегі әскери қызметшілері мен сержанттар құрамы арасында сенім қатынастарын орнату үшін ұсыныстар айтылды.

Бұдан бөлек, шараға қатысушылар іс жүзінде тәуліктік наряд құрамында кезекшілік атқару кезінде туындайтын әртүрлі штаттан тыс жағдайларды пысықтады.

Бүгінгі жиын әрбір жеке құраммен жұмысты ұйымдастыру үшін қажетті сержанттар құрамының білім деңгейін арттыру мақсатында өткізілді, – деді танк бригадасының 3-сыныпты сержанты Дидар Баубеков.

Айта кетейік, үш күнге жоспарланған жиынға 30-дан астам сержант қатысып, өзара тәжірибе алмасып, жауынгерлік дайындық пен бөлімнің күнделікті қызметін ұйымдастырудағы әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

Білім мен тәжірибені бізге сеніп тапсырған жеке құрамға үйретіп, оларға үлгі болу біздің басты міндетіміз. Сондықтан да, кәсіби мамандығымызды жетік меңгеріп, біліктілігіміз бен білімімізді тереңдетіп жатырмыз, – деді танк бригадасының сержанты Нұр Әріпжан.

Следующая →