Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +23°
  • Астана
    +17°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +27°
  • Орал
    +23°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +17°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +17°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +23°
$
481.22
+0.63
535.36
-1.22
¥
67.52
+0.08
5.27
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Аягөздегі әскери қызметшілер отбасы мүшелерімен кездесті

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қуатын күшейту, беделін арттыру барысында әскери қызметшілердің отбасы да назардан тыс қалмайды. Осы орайда Аягөз гарнизоны әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери бөлім басшылығы жеке құрамның отбасы мүшелерімен кездесті

Усть-Каменогорск и ВКО / Аягөздегі әскери қызметшілер отбасы мүшелерімен кездесті
Фото:
Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі ұсынды

Аталмыш кездесу әскери қызметшілерді құқық бұзушылыққа итермелейтін факторлардан сақтау, оның алдын алу мақсатында ұйымдастырылды. Әскерилер арасында әр түрлі құқық бұзушылыққа жол бермеу және оның алдын алу үшін осындай жұмыстардың маңыздылығын айта кеткен жөн, деп мәлімдеді Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі.

Шара барысында бөлім командирі орынбасарының міндетін уақытша атқарушы майор Асхат Құмар "Отбасы – тәрбиенің бастауы", ел келешегінің кемелдену жолында алар орны айрықша екендігіне тоқталды. Сол себепті де Отан қорғауды мамандық етіп, маңызды міндеті санайтын әскери қызметшілер үшін жанұядағы береке-бірлік, татулық пен сыйластықтың, отбасы мүшелерінің қолдауының маңызы зор деді.

Сонымен қатар, әскери бөлімнің қаржы қызметінің бастығы капитан Рүстем Қожағұлов әскери қызметшілердің ақшалай үлесінің артуы, сыныптылық біліктілігіне қосымша үстемақы төленуі бойынша түсіндірме жүргізіп, жиынға қатысушылардың бірқатар сауалдарына жауап берді.

Әскери қызметшілердің отбасымен кездесудің ең басты мақсаты – біріншіден, отбасы мүшелерімен байланыс орнату, екіншіден, тұрмыстағы проблемаларды анықтау, сондай-ақ, шешім қабылдау болып табылады, - деді әскери қызметшілердің отбасымен жұмысты ұйымдастыру қызметінің жетекшісі Меруерт Абзиева.

Следующая →