Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Министрге жеткен Көкпектідегі былық

Өткен жексенбіде Көкпекті ауданының халқы дүрлігіп қалды. Дүйсенбі күні шудың дақпыртын жарты Қазақстан естіп үлгерді

Усть-Каменогорск и ВКО / Министрге жеткен Көкпектідегі былық
Фото:
В. Ивановтікі

"Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры" демекші, әңгіменің бәрі балаларға егілетін вакцинадан басталған. Білім бөлімінің басшысы мектеп директорларына қатаң тапсырма беріп жатқан аудиохабарлама әлеуметтік желіде тез тарап кетіп, арты ата-аналар мен қоғам белсенділерінің наразы пікіріне ұласқан.

Қараша айының бас кезінде ШҚО-ға 35 100 доза көлемінде алғашқы Pfizer екпесі жеткізілді. Мемлекеттік бас санитар дәрігерінің қаулысы бойынша 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге, емшектегі баласы бар аналар мен аяғы ауыр әйелдерге аталмыш вакцинаны егу жоспарланған.

Өткен аптаның жұма күні Көкпекті ауданының мектеп директорлары отыратын ортақ чатқа жолданған дауыстық хабарлама жексенбі күні-ақ whatsapp пен instagram желілерін кезіп, артынша tik tok пен facebook-қа дейін шығып кетті. Ол дауыстық хатта Көкпекті аудандық білім бөлімінің басшысы Шолпан Мұстафинова былай деген екен: "Жаңа ғана облыс әкімі қатысқан жиналыс болды. Біздің ауданға 2096 вакцина бөлініп тұр. Сенбі, жексенбі күні аурухана қызметкерлері барып әкеледі. Дүйсенбіден бастап екпе салу басталады. Бүгін, жұма - сіздерге жұмыс, ертең жұмыс, жексенбі жұмыс. ... Мысалы, Қараөткел орта мектебінде бес-ақ бала оқиды. Барады да бесеуіне бірақ салады. 2 оқушы келісіп, 3 оқушы келіспей отыр екен, оған қарамайды. Бір флакон алты балаға есептелген, сондықтан бес балаға салып бірақ кетеді, қайта-қайта жүрмейді. ... Бүгін кешке "цифраларыңызды" аламыз. Ертең кешке тағы да аламыз. Егер бүгін, ертең беретін цифрлық мәліметтеріңіз дұрыс болмаса, онда Марат Қапарұлы сіздерді әкімдікке шақыратын болады".

Дау болған жағдайға қатысты Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Марат Қапарұлы мен ішкі саясат бөлімі пікір білдірмеді. Есесіне біз аудиохат авторының өзімен байланысқа шықтық.

Аудиожазбада менің тарапымнан кемшілік болды. Директорларға түсіндіру барысында ойымды толық жеткізе алмағандықтан ата-аналар тарапынан түсініспеушіліктер ұлғайды. Мысал ретінде Қараөткел мектебіне тоқталдым. Ол мектепте екпені 5 оқушыға бірақ салады дегенім қате болды. 2 баланың ата-анасы келісім беріп, 3 баланың ата-анасы қарсы болды. Директор сол үш баланың ата-анасымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу керегін атап өттім. Олардың әке-шешесі келіскен жағдайда ғана осы мектептің 5 оқушысы толықтай екпе алатындығын жеткізгім келді. Ата-аналардан кешірім сұраймын. Хабарламамда сенбі, жексенбі күндері жұмыс дедім. Мен мектеп директорлары үйде отырып әр ата-анамен жекеше түсіндірме жұмыстарын жүргізсе деген оймен тапсырма берген едім. Әрине демалыс күндері директорлар мектепке барған жоқ. Бұл аудиожазба тек мектеп директорларына ғана арналған, бұл жазбада Денсаулық сақтау министрлігінің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сүйене отырып жұмыстар тапсырылды. Ақпараттық түсіндірме жұмыстарын ата-аналармен жүргізу керектігін атап өттім. Ата-ананың рұқсатынсыз жаппай балаларға екпе салдыртыңыздар деген тапсырма менің тарапымнан берілген жоқ, - дейді білім бөлімінің басшысы Шолпан Мұстафинова.

Көкпекті ауданында болған былық ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің де құлағына жетіпті.

Білім бөлімінің бастығына берілген сөгіс басқаларға да сабақ болсын. Әрбір қызметкердің еңбек кодексінде белгіленген жұмыс сағаттары мен күндері бар. "Сенбі, жексенбі жұмыс" деген не сөз? Сондықтан білім мекемелері де, мектептер де сол заңды қатаң сақтасын, - деді білім министрі.

Әлеуметтік желіде жазылған пікірлерге қарасақ, ауыл және аудан халқының екпеге қарсы наразы тобы да, өз еркімен саналы түрде қабылдап жатқан тұрғындар да бар. Шу ушықпай басылған тәрізді. Енді әліптің артын баққанымыз абзал.

Следующая →