Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +26°
$
443.44
+1.86
480.51
+0.51
¥
61.36
+0.17
4.88
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Глуховка ауылында екі кешенді балалар ойын алаңқайлары орнатылды

Ел мерейін үстем еткен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы торқалы тойын мерекелеу қарсаңында Глуховка ауылында екі кешенді балалар ойын алаңқайлары орнатылды. Алаңқай әр түрлі жастағы бүлдіршіндерге арналған

Усть-Каменогорск и ВКО / Глуховка ауылында екі кешенді балалар ойын алаңқайлары орнатылды
Фото:
Бесқарағай ауданы әкімдігінен

Глуховка ауылдық округінде кешенді бес балалар ойын алаңын орнату жоспарлануда. Осы орайда жауапты мердігер Игорь Ряполов Глуховка ауылының аумағында екі кешенді балалар алаңын орнатты, сондай-ақ тағы үш кешен алдағы уақытта орнатылатын болады. Сонымен қатар, ағымдағы 2022 жылы ауылдық округтің басқа елді мекендерінде балалар алаңдарын орнату жоспарда бар. Бұл ойын алаңқайлары ауыл бүлдіршіндерін қуанышқа кенелтпек. Ойын алаңы балалардың демалыс алаңына және көңіл көтеру орнына айналады, оған ауылдың әр баласы келе алады. Бұрын құм үстінде асыр салып ойнайтын балалар енді ауыл орталығындағы осы арнайы алаңқайға жиі жиналатын болады.

Заманына қарай адамы. Қазіргі балалардың уақытының көбі үйде, теледидардың алдында немесе телефонға шұқшиып өтеді. Олар - біздің ұрпағымыз, еліміздің ертеңі. Сондықтан олардың бүгініне біз жауаптымыз. Олардың дені сау, қамсыз ойнап өсуі үшін жағдай жасауымыз керек. Міне, сол мақсатта осы ойын алаңын орнаттық. Бұл алаңқайға балалардан бөлек ауыл халқы да дән риза. Осы ойын кешені "Ауыл - ел бесігі" жобасы аясында салынған, бұған 11 миллион 600 мың теңге қаржы бөлінген. Сонымен бірге алдағы уақытта қалған жоспардағы балалар алаңқайын орнатып беруге жұмыс жасаймыз. Осы ауылдың көркеюіне, қазіргі заман талабына сай балаларға жағдай жасап, қуануларына себепші болып жатқанымызға қуаныштымын, - дейді Глуховка ауылдық округінің әкімі Алмас Тастенбеков.

Ауданы 45 шаршы метр алаңда балалармен бірге ересектерге де бір сәт бойларын сергітіп, жаттығу жасауына мүмкіндік қарастырылған. Жасыратыны жоқ, қазір балалардан бөлек, ересек адамдардың өзінде физикалық жүктеме аз. Ал адам ағзасы үшін дене белсенділігінің маңызын ескерсек, бұл алаңқайдың ауылдағы әрбір тұрғынның өз өміріне жауапкершілікпен қарап, денсаулығын күтіп, салауатты өмір қалыптастыруына ықпалы зор. Жазғы демалысының көңілді өткенін қалайтын бүлдіршіндер мен балалар күні бойы ойын алаңында орналасқан сырғанақ, әткеншек, таразы, айналмақ секілді шағын аттракциондарға кезекпен мініп, алаңсыз ойнайтын болады. Бұл жерде балалар ойын барысында жарақат алып қалмауы үшін барлық қауіпсіздік қарастырылған. Сондықтан, жобалау кезінде бұл мәселе ескеріліп, жері арнайы резеңке қабатпен жабылған екен. Барлығы сертификаттаудан өткенін айтады жауапты тұлғалар.

Следующая →