Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Аягөздік "Жас сарбаздардықтар" жеңіске жетті

Аягөздің жас сарбаздықтары онлайн форматтағы "Айбын-2021" облыстық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысып, жүлделі орынға ие болды

Усть-Каменогорск и ВКО / Аягөздік "Жас сарбаздардықтар" жеңіске жетті

Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдегендей, аталмыш облыстық жиын Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі және Шығыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен ШҚО білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Осы байқауға Аягөз қаласының "Қалалық қазақ мектеп лицейінің" "Жас артиллеристер" командасы қатысты.

Жиын бағдарламасы келесі сайыстардан өткен болатын. Атап өтетін болсақ, "Туған жерім менің - Қазақстаным!" челлендждер байқауы, белтемірге тартылу және ішті қатайту жаттығуларын орындау. Сондай-ақ, АК-74 автоматын бөлекшеу мен жинақтау, газтұтқышты және жадағай түріндегі жалпы әскери қорғаныс жиынтығын кию сынды кезеңдерден өтті.

Сайыс барысында құрамында әскери істі жақсы меңгере білген мектеп-лицейдің "Жас артиллеристер" команда мүшелері жеңіске деген барлық күш-жігерлерін ортаға салып, белтемірге тартылудан және челлендж байқаулары кезеңдерінен алдарына жан салмай І орындарды иеленді. Ал жалпы командалық есептік көрсеткіш бойынша Аягөздік жас сарбаздықтар ІІ орынға қол жеткізді.

Айта кетейік, байқаудың негізгі мақсаты – "Біртұтас ұлт – біртұтас әскер" жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бағдарламасы аясында елдегі жастарды әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың бойында Отанын қорғауға деген отансүйгіштік сезімдер мен ер-азаматтық қасиеттерді қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар, биылғы "Айбын-2021" жиыны Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылды. Жиналған жастардың логикалық және физикалық машықтары бағаланбақ.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Аягөз Жас сарбаз