Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әскерге шақыру науқаны жалғасуда

Аягөз қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінде қыркүйек айында бастау алған әскерге шақыру науқаны қарқынды жалғасуда

Усть-Каменогорск и ВКО / Әскерге шақыру  науқаны жалғасуда

Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдегендей, күзгі шақырылым бойынша өңірден 100-ге жуық әскерге барушыны жоспарлы түрде әскер қатарына аттандыру жұмысы атқарылуда. мектеп пен жоғарғы оқу орындарын аяқтаған 18 бен 27 жас аралығындағы ерік-жігерлері мықты жас жігіттердің Отан алдындағы борышын өтеуге сұранулары көңіл қуантады.

Бүгінде қыркүйек, қазан айларының есебі бойынша аудан көлемінен 19 бозбала ҚР ҰҚ комитетінің шекара қызметінде борыштарын өтеуге кетті. Ал бұдан бөлек әскерге шақырылушылар қатарындағы 27 оғлан ҚР Қарулы Күштерінің әр-түрлі әскерлерінің сарбаздар қатарын толтыруға аттанды, - деді Аягөз қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің әскерге шақыру қызметінің инспектор маманы Самал Биғабатова.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі" туралы Заңына сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде жылына екі рет өткізіледі. Биылғы күзгі әскерге шақыру науқаны 29 желтоқсанда аяқталмақ.

Следующая →