Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +4°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Тоғызқұмалақ жарысы онлайн өтті

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде тоғызқұмалақтан оқушылар арасында спартакиада өткізу дәстүрге айналған

Усть-Каменогорск и ВКО / Тоғызқұмалақ жарысы онлайн өтті
Фото:
ШҚО НЗМ баспасөз қызметі ұсынды

Тоғызқұмалақ ойыны - қазақ халқының ежелгі ойындарының бірі. Ғаламтордағы деректерге сенсек, бұл ойын шамамен 4 мың жыл бұрын пайда болыпты. Тоғызқұмалақ ойыны туралы білетін адамдар салыстырмалы түрде өте аз. Осы себептен де ұлттық кодымызды жоғалтпау мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектептерінде тоғызқұмалақтан оқушылар арасында спартакиада өткізу дәстүрге айналған.

Биыл да сол дәстүрден аттамай, 1-3 қараша аралығында Республика аумағындағы 20 NIS мектептерінің оқушылары арасында ойын PlayOK платформасында онлайн өткізілді.

Тоғызқұмалақты 8 жасымнан бастап ойнаймын. 7 жыл ішінде республикалық, халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысып, түрлі деңгейдегі жүлделерге ие болдым. Ойынды меңгеру оңай емес, айла-амалдарды былай қойғанда, тек неіздерін үйренудің өзіне жарты жыл уақыт кетеді, - дейді Өскемен қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-шы сынып оқушысы Нұрбол Бейсенбай.

Ал Дариға Мамырбекова ойынның қыр-сыры туған әпкесінен үйреніп, ары қарай білімін мектептегі үйірмеде шыңдап келеді.

Спартакиадада ой ұшқырлығын көрсетуге бел буған тағы бір ойыншы - 11-ші сыныптан Әдемі Жанұзақова.

Спартакида өте тартысты өтті. Желілік сайыс болғандықтан, әр мектептің мықты деген ойыншылары қатысуда. Жалпы, онлайннан гөрі, қолыңа тастарды ұстап, қарсыласыңның көзіне тіке қарап ойнағанның әсері әлдеқайда жоғары, - дейді Әдемі.

Спартакиадада Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті Мақсат Шотаев, Орал қаласындағы спорт мектебінің тоғызқұмалақ бөлімі жаттықтырушысы Бауыржан Шурин, тоғызқұмалақтан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Медет Кусаинов төрешілік етті.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің үш күндік тоғызқұмалақ спартакиадасы өз мәресіне жетті. Қашықтан өткен ұлттық интеллектуалдық ойынға NIS-тің 90 оқушысы қатысып, білімдері мен тәжірибелерін шыңдады.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО НЗМ Тоғызқұмалақ