Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Маусымдық жұмыстарда істейтін жұмыскерлер қалай сақтандырылады?

Бұл сауал ӘМСҚ қоры тарапынан қазіргі уақытта күн тәртібіндегі басым тақырыптардың бірі

Усть-Каменогорск и ВКО / Маусымдық жұмыстарда істейтін жұмыскерлер қалай сақтандырылады?

Маусымдық жұмыскерлер еңбек келісімшартын белгілі бір кезеңге ғана бекітеді. Мұндай жұмыстарға көктемгі-күзгі егіс науқаны, балық аулау, онаурызшылар сынды тағы да басқа қызмет түрлері жатады. Яғни, қазіргі уақытта облыста осы кәсіпті нәсіп еткен азаматтар алдағы уақытта сақтандыру жүйесінен табылмай қалуы әбден мүмкін.

Келісімшарт бар кезде оларды жұмыс беруші сақтандырады және жалақысынан тиісті жарнаны ұстап Қорға аударып отырады. Сол арқылы олар сақтандыру пакетіндегі қызметтерді толық пайдалануға мүмкіндік алады. Ал жұмыс тоқтаған кезде аталған санаттағы азаматтар өзін-өзі сақтандыруды ұмытпағаны жөн. Олар алдағы уақытта медициналық көмекті үздіксіз пайдалану үшін әр айға 2125 теңгеден төлеп отыруы тиіс. Жарнаны банктердің мобильді қосымшалары, екінші деңгейлі банктер мен "Қазпошта" кассалары арқылы төлеуге болады. Банктердің тәртібі бойынша төлем 3 күн өңделеді, - деп атап өтті өз сөзінде ШҚО ӘМСҚ басшысы Ғалымжан Әбілов.

Жалпы, Шығыс Қазақстанда облыстық Қор филиалы тарапынан маусымдық жұмыстармен айналысатын азаматтардың сақтандыру жүйесінен уақытша «түсіп» қалмауының алдын алу мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда. Солардың бірі филиал басшысы Ғалымжан Әбіловтың тікелей кездесулер өткізуі жөнінде де айта кеткен орынды. Шаруа қожалық өкілдері, ірі агроқұрылымдар өкілдерімен кездесулер Ұлан, Глубокое аудандарында, Таврия ауылдық округтерінде өтті. Кездесулер барысында МӘМС аясында көрсетілетін медициналық қызметтен қағылмаудың жолы жөнінде айтылып, шаруалардың сұрақтарына жауап берілді.

Жалпы Шығыс Қазақстан бойынша ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өңірде сақтандырылған азаматтар саны 1 102 644. Бұл жалпы тұрғындар санының 79,7% құрап отыр. Оның ішінде 735 698 адам жеңілдетілген санаттағылар, олар үшін мемлекет төлем жасайды. Ал енді сақтандырылмағандар саны 281 084. Олардың ішінде 80 мыңнан астамсы бүгінге дейін ешқандай төлем жасамаған.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Сақтандыру қоры