Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Мерзімді әскери борышын өтеген сарбаздар үйлеріне оралады

Аягөз гарнизонының әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери бөліміндегі мерзімді қызметі аяқталған сарбаздар запасқа шығарылды

Усть-Каменогорск и ВКО / Мерзімді әскери борышын өтеген сарбаздар үйлеріне оралады

Бір жыл бойы әскери өмірдің қыр-сырын бойларына сіңірген қызмет мерзімі аяқталған сарбаздарды шығарып салу рәсімі саптық алаңда салтанатты түрде ұйымдастырылды.

Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдегендей, салтанатты шарада әскери бөлімнің жауынгерлік туы саптық алаңға шығарылып, еліміздің мемлекеттік әнұраны орындалды. Әскери бөлім командирі қызмет мерзімі аяқталған сарбаздарды құттықтап, ақ жол тіледі.

Әскери қызметін өтеу кезінде сарбаздарда жауынгерлік сапа қалыптасады. Біздің жауынгерлеріміз спортпен шыныққан және төзімді. Сендер әскерде жүріп, жақсы жауынгерлік тәжірибе алдыңдар, әртүрлі көлемдегі тактикалық оқу-жаттығуларға қатыса жүріп, қару-жарақ пен әскери техниканы сауатты меңгердіңдер, - деді бөлім командирі Таир Жұматаев.

Бүгін мен үшін қуанышты күн. Себебі, біз Отан алдындағы борышымызды адал атқарып, үйімізге оралғалы тұрмыз. Бізге басшылық еткен командирлеріміз әскери өмірдің қыр-сырын үйрете білді. Ол кісілерге алғысымыз шексіз, - деді қатардағы жауынгер Мейіржан Дүйсенбек.

Шығарып салу рәсімінің соңында қызметтік міндеттерін адал орындап, жауынгерлік дайындықта үздік нәтиже көрсеткен және үлгілі тәртібімен ерекшеленген сарбаздарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталып, сарбаздар әскери бөлімнің жауынгерлік туымен қоштасып, соңғы рет саптық жүріспен жүріп өтті.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Аягөз Гарнизон