Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Көкпекті шығыста айтыс жасаудан алда келеді

Айтыс - түркі тілдес халықтардың ішінде қазақ пен қырғызда ғана бар ақсүйек өнер. Қытай мен Моңғолия еліндегі қазақтар да төл өнерін ұмытпаған

Усть-Каменогорск и ВКО / Көкпекті шығыста айтыс жасаудан алда келеді
Фото:
автордікі

Десе де, Тәуелсіз Қазақстандағы ақындар айтысы Қырғызстан, Моңғолия, Қытайда өтетін жыр додаларына қарағанда әлдеқайда дамып кеткен. Тек кейінгі екі жылда әлемдік пандемияның, карантин шараларының кесірінен елімізде ақындар сайысының өтуі сиреп қалды. Республикалық деңгейдегі бірқанша сөз сайысында ақындар көрерменсіз залда өнер көрсетсе, бірқанша айтыс әлеуметтік желілер арқылы онлайн түрде болды.

Көкпекті - шығыста айтыс өткізуден 1-орында

2019 жылы қараша айының бел ортасында Бастаушы ауылдық округінде қасиетті Мәуліт мерекесіне арналған, бұл өңірде бұрын-соңды болмаған облыстық ақындар айтысы өтті. Теледидардағы ақындарын көздерімен тірідей көргісі келіп Көкпекті, Көкжота, Бастаушы, Самар, Құлынжон ауылдарынан жиналған халық мәдениет үйін лық толтырған болатын.

2020 жылдың желтоқсанында Көкпекті аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Алмас Болатұлы тағы бір облыстық деңгейдегі үлкен айтыс ұйымдастырды, шығыстың ақындары сол кезде бірінші рет zoom платформасында онлайн түрде бақтары мен баптарын сынады.

Биыл да Көкпекті ауданы сол көштің сүрлеуінен жаңылмай қалыптасқан дәстүрді қайталады. 2021 жылы қазан айының 31-ші жұлдызында Көкжыра ауылындағы Қасымхан мешітінің ұйымдастыруымен облыстық ақындар айтысы өтті. Мұхаммед пайғамбар дүниеге келген қасиетті ай - Мәуліт мерекесіне орай ұйымдастырылған сөз додасына Самар ауылдық әкімдігі мен Көкпекті аудандық мәдениет бөлімі қолдау білдіріп, айтыс өткізу үшін Самар ауылындағы орталық мәдениет үйі ұсынды.

Көкжыраның дін мен дәстүрі жырланды

Айтыстың демеушісі - Көкжыра ауылының тумасы, ұлттық құндылықтардың насихатталып, дәріптелуіне үлес қосып жүрген атымтай азамат Досан Қасымханұлы. Ол осыдан бірер жыл бұрын өзінің ауылына қазіргі Қасымхан мешітін салып берген еді. Мектеп оқушыларының қазақша күреске бет бұруы үшін ауылдар арасында болатын жарыстарға да демеушілік жасап тұрады. Самарды дүркіреткен сөз додасының өтуіне Көкжота ауылының тумалары, Қасымхан мешітінің бас имамы Нүркен Манапұлы мен айтыскер ақын, журналист Аян Советұлы мұрындық болды.

Ақындар сайысына кейінгі жылдары шығыста маңдайы жарқырап, үздіктердің қатарынан көрініп жүрген 8 ақын қатысты. Олар: көкпектілік Фархат Маратұлы, өскемендік Серік Қуанған, зайсандық Ардабек Ақбаба, өскемендік Қуаныш Еркінұлы, үржарлық Баян Бағдатұлы, ұландық Тілек Мұратұлы мен Естай Жаңабаев. Ең алыстан арнайы шақырылған ақын Түркістаннан келген Гүлжан Ықыласқызы болды.

Ұйымдастырушылардың шақыруымен әділқазылар алқасына бұрын төл өнерге қазылық етіп көрмеген, ешбір ақынды танымайтын, бірақ сөз бен жүйені, өлең мен жырды түсінетін кісілер тағайындалды. Айтыстың осы жолғы ережесі бойынша екі ақынның біреуі озып, біреуі қалуы керек болатын. Яғни, жеңді/жеңілді деп бағаланды.

Ақындар сахнаның көркін қыздырып, көрерменнің делебесін қоздырып, тамаша тартыс жасады. Алғашқы айналымның бірінші жұбы болып Ардабек пен Естай ақын шықты. Қазылар алқасынының бірауыздан берген бағасымен Ардабек Ақбаба екінші айналымға өтті. Екінші болып өнер көрсеткен Тілек Мұратұлы мен Баян Бағдатұлы шаппа-шап айтысқанымен, халыққа қатты шапалақ ұрғыза алмады. Әділқазылар екінші кезеңге Баян ақынды өткізді. Дін мен дәстүр айтысының ең керемет жұбы Қуаныш пен Гүлжан болды. Екеуі көрерменнің көзайымына айналып, халықты күлкіге қарық қылды. Қазылар алқасы екеуін де сүріндірмей, келесі айналымға қатар жіберді. Төртінші жұп болып шыққан Серік Қуанған мен Фархат Маратұлы республикадағы танымал ақындардан кем түспейтін тартыс көрсетті. Тәжірибелі, ысылған екі ақын тура 1 сағат айтысты. Серік айтыс болып жатқан сарай орыстың атында екенін айтып, сын тағып, мін тағып айтысса, Фархат қарсыласына Иван Федосовты өздері отырған мәдениет үйіне еңбегі сіңген деп ақтап алуға тырысты. Ақтық сынға екі ақын да жолдама алды.

Алғашқы айналымнан кейін Нүркен Манапұлы барлық көрермендер мен ақындарды, әділқазыларды ғимараттың екінші қабатында жайылған Мәуліт дастарханына шақырды. Молдалар құран оқып, имамдар уағыз айтып, үлкендер батасын берді.

Ақтық мәреде Фархат пен Қуаныш, Баян мен Гүлжан, Серік пен Ардабек ақындар жұп болып, әрқайсысы жарты сағат айтысты. Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлдені көкпектілік Фархат Маратұлы алса, 1-орынды Үржардан келген Баян Бағдатұлы еншіледі. Ал 2-орын Гүлжан Ықыласқызына бұйырып, 3-орынға Қуаныш Еркінұлы тұрақтады.

Досан Қасымханұлы тіккен жүлде бойынша:

  • Бас жүлде - 200 000 тг 
  • 1-орын - 150 000 тг 
  • 2-орын - 100 000 тг 
3-орын - 70 000 тг

Отыз жылдан кейін болған айтыс

Осыдан 30 жыл бұрын, дәл сол сахнада Тәуелсіздіктің 1-ші жылдығына арналған айтыс болып, Алаштың ақтаңгері, шығыстың мақтанышы, Тарбағатайдан шыққан Абаш Кәкенов бас жүлде алған болатын. Бұл туралы сол заманның куәгерлері айтып жатты.

Негізі, көп адам біле бермейді. Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздегі алғашқы айтыстардың бірі осы Самар ауылында өткен болатын. Ол кезде Самар аудан орталығы дәрежесінде еді. Жан-жақтан сөз зергерлері жиналып, халықтың сусаған шөлін бір басып еді. Алаштың Абашы сол кезде бас бәйге алған болатын. Енді, міне, тура 30 жылдан кейін тағы бір жыр додасы болып жатыр, - дейді мәдениет үйінің қызметкері Салтанат Ыбырайқызы.

"Халыққа қызмет - Хаққа қызмет" деген сөз бар біздің ұлтымызда. Нүркен Манапұлы Алланың құлы, мешіттің қызметкері ретінде дәстүр мен дінді ұштастырып, ұлттық өнерімізді төрге шығарып, халықтың алғысын да, сауабын да қатар алды. Осындай алтын жүректі азаматтар көп болса, әлі талай құндылығымыз ұлықталар!

Фото:
автордікі
Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Көкпекті Айтыс