Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Күршімде көше шамдары беймезгіл жанып тұратыны рас па?

Күндізгі уақытта көше шамдарының жарқырап тұруы кез келген елді мекенде кездесетін жағдай. Дегенмен күндіз жанып, қас қарайған шақта өшіп жататын шамдардың не пайдасы бар?

Усть-Каменогорск и ВКО / Күршімде көше шамдары беймезгіл жанып тұратыны рас па?
Фото:
В. Ивановтікі

Аудандық және ауылдық бюджет есебінен Күршім ауылының көшелерін жарықтандыру жүргізілді. Біраз уақыт жарыққа зар болған халық енді көше жамдарының үнемі жанып тұра беретінін, бұның үнемсіздік екенін айтып отыр.

Ашығын айтсақ, мемлекеттің ақшасын үнемдеу қарапайым халыққа қана керек сияқты. Қанша айтылды. Неге көше шамдары күндіз де жанып тұрады? Қысқы уақытқа ауысу керек, кешкі сағат 17.30-дан түнгі 24.00-ге дейін жанса жеткілікті емес пе, нағыз керек уақыт осы, - дейді Күршім тұрғындары.

Сонымен қатар, Күршімдегі Тоқаев көшесі, Байтерек пен Рәміздер алаңы, Мира көшесінде, Абай көшесінің жартысы, Шәкәрім көшесі, Западный, Юбилейный көшелері мен аудан орталығының бетке ұстар алаңдарының шамдары жөндеуді қажет етеді.

Күршім ауылындағы шамдардың жартысы ауылдық округ әкімінің қарамағында. Ал Мира көшесіндегі 52 шам, Абай көшесіндегі 72 шам, Шәкәрім көшесіндегі 65 шам, Западныйдағы 27 шам Күршім АЭЖ-ға қарайды. Жөндеу жұмыстары жоспарға сай жүргізіледі. Бәйтерек пен Рәміздер, Юбилейный, Тоқаев көшелері әкімдік иелігінде, - деп түсінірді "Шығысэнерготрейд" АҚ баспасөз қызметі.

Көше шамдары кешкі уақытта сабақтан шыққан балалардың үйге қауіпсіз жетуіне қажет.

Балалар кешкі сағат 18.00-19.00 шамасында мектептен қайтады, бізге сол уақытта көшенің жарық болғаны қажет. Ал бізде көше жарығы түнгі 23.00 мен таңғы 6.00 аралығында қосылады. Сонда ол жарық түнде кім үшін жанып тұрады? - деп қосты ауыл тұрғыны Әсел.

Күршім ауылындағы көше шамдарының жартысы ауылдық әкімдіктің, жартысы аудандық ТҮКШ-тің қарамағында екен. Жарықтың жөнделуі мен жарқырап тұруына да солар жауапты.

Біз өзімізге қатысты көшелер бойынша мердігер компанияға хабарластық. Олар кепілдік аясында барлығын түзетеді. Қажетті құрал-жабдықтарын алып қойды, енді барлығын ауыстырады, - деп түсіндірді Күршім аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы Мақсат Акрамов.

Алдағы уақытта жарығы жанбай қалған көшелердің тұрғындары ол көше кімнің қарамағында екенін анықтап алып, құзырлы органға хабарласып шағымдануы керек. Бастысы жауапты үш ұйымның арасында футбол добы сияқты арлы-берлі сенделіп қалмаса игі...

Следующая →