Өскемен
ясно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +12°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +22°
$
439.43
-2.23
473.31
-1.83
¥
60.98
-0.02
4.82
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Аягөз ауданындағы Ақтоғай кентінде үш әмбебап спорт алаңы ашылды

Аягөз ауданындағы Ақтоғай кенттік округінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай шағын футбол алаңы, хоккей қорабы мен "Street workout" спорттық нысандарды ашылды

Усть-Каменогорск и ВКО / Аягөз ауданындағы Ақтоғай кентінде үш әмбебап спорт алаңы ашылды
Фото:
Аягөз аудандық ІСБ-дан

Жаңа спорт алаңы балалар мен жасөспірімдерге үлкен тарту болды. Салауатты өмір салтын ұстанатын кез келген адамға бұл үлкен мүмкіндік. Жастардың спортқа деген қызығушылықтары күн санап артып келе жатқанын көріп жүрміз. Спортпен шұғылдануға мүмкіндік жасаған "KAZ Minerals Aktogay" компаниясына үлкен алғыс білдіреміз. Енді жастарымыз бос уақыттарында пайдалы іспен шұғылданатын болды, - дейді Ақтоғай кентінің әкімі Заир Кесикбаев.

Спорт алаңының ашылу салтанаты жастар арасындағы шағын футбол турнирімен жалғасын тапты. Шағын футбол жарысы жаңадан бой көтерген дене шынықтыру, сауықтыру кешенінде өткізілді. Ұйымдастырушылар - 1996 жылы туған кент жастары.

Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырған аяқдоп жарысында 12 команда қатысты. Командалар өзара бақ сынасып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Футбол додасының қорытындысына сәйкес ең үздік атанған үш топ марапатқа ие болды. I орын - "Ақтоғай ТЭК" Қазақстан отын қоймасы, II орын - Ақтоғай вагон жөндеу мекемесі, III орын - "Динамо" Ақтоғай полиция бөлімшесі.

Жаңа спорттық және ойын алаңдары бірнеше бөліктен тұрады - жасанды көгал және келуші көрерменге арналған мінбесі бар футбол алаңы, жаттығу алаңы. Алаңда бұдан бөлек орындықтар мен қоқыс жәшігі орнатылған. Бұл жерге жас спортшылар жазда футбол ойнай алатын жасыл төсеніш төселген. Ал қыста хоккей ойнауға болатын мұз айдынына айналады.

Ауыл тұрғындарына жаңа кешенде уақыттарын тиімді өткізіп, спортпен тегін шұғылдануына мүмкіндік туып отыр.

Алаңның құрылыс жұмыстары сапалы жасалғаны көзге көрініп-ақ тұр. Осы алаңнан елге, әлемге белгілі спортшылар тәрбиеленіп шыға берсін. Енді ауыл жас-тары, мектеп қабырғасында өсіп келе жатқан жас ұрпақ спорт алаңында уақыттарын мәнді де мағыналы өткізіп тұратын болады, - дейді Ақтоғай кентінің тұрғыны Айдос Нығметов.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы спорттың бұқаралығын қамтамасыз ету - бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Спортпен шыныққан жас ұрпақ қоғамның басты байлығы. Ауданға жасалған бұл тартуды тұрғындар, жаңаны бағалай біліп, бүлінуіне жол бермей, күтіп ұстаса игі.

Фото:
Аягөз ауданы ІСБ-дан
Следующая →