Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шығыста ғұмырын мектепке арнаған ұстаздың кітабы таныстырылды

Ұстаз өз кезінде Қазақстанның белгілі ақын-жазушылары Оралхан Бөкей, Әлібек Қаңтарбаев, Ербол Баянғазин, Бақытжан Райысова сынды ақын-жазушыларды тәрбиелеуге көп күш жұмсаған

Усть-Каменогорск и ВКО / Книгу учительницы, отдавшей всю жизнь школе, презентовали в ВКО
Фото:
Библиотека им. А.С. Пушкина

22 қазанда А.С.Пушкин атындағы кітапханада мектепке өз өмірін арнаған және Қазақстанның әйгілі ақын-жазушылары - Оралхан Бөкей, Әлібек Қаңтарбаев, Ербол Баянғазин, Бақытжан Раисованы тәрбиелеп оқытқан мұғалім Сабира Хайдарқызы Қашқынбаеваның «Тағдырыма ризамын» кітабының тұсаукесері өтті. Сондай-ақ Талғат Қашқынбаев есімді ұлының «Тұнық бастаулар» кітабының тұсауы да кесілді.

Сабира Хайдарқызының «Тағдырыма ризамын» кітабы автордың өмірбаяндық шығармасымен өмір жолы туралы. Ұзақ және қызықты педагогикалық өмір сүрген Сабира апай оқырмандарға өзінің өмірлік құндылықтары туралы айтып береді. Бұл ретте кітапта соғыста қаза тапқан әкесінің өмірінен сыр шертілген. Кітаптың алғы сөзін жазушы-баспагер, Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы Қайырды Назырбаев жазған.

Талғат Қашқынбаев құрылыс саласында ұзақ уақыт жұмыс істеді, әр түрлі қызметтерді атқарды: бөлім бастығы, бас инженер, жобалау мекемелерінде директор. Сонымен қатар, ол әр түрлі тақырыпта шағын әңгімелер мен өлеңдер жазды. 2013 жылы Талғат Қашқынбаевтың «Өмір жайлары ойлар» атты бірінші кітабы жарық көрді. Жазушы «Тұнық бастаулар» кітабында өмірден естеліктерді жинақтаған. Оның айтуынша, сол жылдар рухында туған ауыл мен мектеп туралы, достар мен мектеп мұғалімдері, жақын адамдар туралы көптеген жылы естеліктер бар. Жинаққа басқа әлемге кеткен адамдардың естеліктері мен автордың өлеңдері мен көркем әңгімелері енген.

Следующая →