Өскеменнің тәртіп сақшылары қашып кеткен балаларды 10 минут ішінде тауып алды
Жұма, яғни 22 қазан күні кешкісін қалалық балалар үйінің қызметкері тәртіп сақшыларына екі баланың жоғалып кеткені туралы хабарлады
Әйел тәртіп сақшыларынан балалар үйінен шығып кетіп, бірақ оралмаған балаларды іздеуге көмектесуін сұрады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Балалар үйі қызметкерінің айтуынша, 10 және 11 жастағы ұлдар кешкі сағат 19.00-де мекемеден шығып, жоғалып кеткен.
- Біздің қызметкерлер жылдам жұмыс істеді. Жасөспірімдерді іздеуге 10 минут уақыт кетті. «Боран 4» ҚБ жеке құрамының – аға лейтенанты Дамир Тілеужанов пен лейтенант Әли Базарбековтің кәсіби шеберлігін атап өткім келеді. Олардың және ОКЖ камераларының арқасында ұлдар табылып, мекемеге қайтарылды, - деді Өскемен қалалық полиция басқармасының бастығы Андрей Мула.