Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +12°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +11°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.89
+0.08
477.93
+1.11
¥
62.02
+0.02
4.76
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Семейде мұғалімдерді сабақтарынан босатып, көше тазалауға жіберген

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында осы мәселеге қатысты пікір білдірді

Усть-Каменогорск и ВКО / В Семее учителей отправили подметать улицы города, сняв их с уроков
Фото:
Социальные сети

Жақында әлеуметтік желілерде Семейлік мұғалімдердің сабақ өткізудің орнына сенбілікте жүрген суреті тарап, желі қолданушыларының ашуына тиген болатын, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Оларға тапсырманы қала әкімінің орынбасары беріп, осындай мазмұндағы хат мектептерге таратылған көрінеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов желідегі парақшасында жазды.

2019 жылдың желтоқсанында қабылданған Заң шеңберінде педагогтерды өзіне тән емес функцияларға тартуға тыйым салынады. Содан бері мұғалімдер тек тікелей функционалдық міндеттермен айналысуы керек екенін түсіну үшін уақыт жеткілікті болды. Мұндай бұзушылықтар үшін екі жүзге жуық басшы жазаланды. Олар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тіпті жұмыстан шығарылды. Семей қаласындағы оқиғаға байланысты білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті әкімшілік іс қозғап, тексеру жүргізіліп жатыр. Қала әкімі орынбасарының бұл жағдайға қатыстылығы расталған жағдайда, аталған лауазымды тұлға және өзге тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Біз сондай-ақ қажетті шаралар қабылдау үшін Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жүгінеміз. Сонымен қатар қалалық білім бөлімінің басшысы да жауапкершілікке тартылады, - деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында.

Следующая →