Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да көлік жүргізу куәлігінен айырылған әрі есірткі қолданған жүргізуші ұсталды

Заңды екі рет бұзған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды

Усть-Каменогорск и ВКО / Лишенного прав водителя поймали в наркотическом опьянении в ВКО
Фото:
ДП ВКО

Полиция қызметкерлері Аягөз ауданы көшелерінің бірін патрульдеу кезінде құжаттарды тексеру үшін 42 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы жеңіл автокөлікті тоқтатты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Тәртіп сақшылары жүргізушінің тіркеу құжаттарын тексеру кезінде ерекше иіс сезді, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. - Оны басқармадан шеттете отырып, оған мас күйін анықтау үшін медициналық тексеруден өту үшін медициналық мекемеге бару ұсынылды. Нәтижесінде нарколог жүргізуші каннабиоидтарды қолданудан туындаған есірткіге мас екендігі туралы медициналық қорытынды шығарды.

Сонымен қатар, полицейлер бір жыл бұрын жүргізушінің көлік құралын басқару құқығынан жеті жыл мерзімге айырылғанын анықтады. Тәртіп бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. "Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе осындай адамның көлік құралын басқаруға жіберілуі" ҚР ҚК-ның 346-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Следующая →