Өскемен
ясно
-18°
  • Өскемен
    -18°
  • Алматы
    -7°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -4°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +2°
$
515.25
+0.32
535.91
-0.13
¥
70.6
+0.05
5.18
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі НЗМ оқушысы артрит, артроз дертіне қарсы тұнба жасады

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде "Туған елге тағзым" өлкетану ғылыми-зерттеу экспедициясының үздік зерттеу жобалары анықталды

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі НЗМ оқушысы  артрит, артроз дертіне қарсы тұнба жасады
Фото:
ШҚО НЗМ баспасөз қызметі ұсынды

Қашықтан өткен экспедиция екінші рет қатысушылардың рекордтық саны (шамамен 1000) мен жобаларын (шамамен 700) жинады, ал онлайн-қорғау NIS оқушыларының зерттеу ауқымы мен креативтілігін дәлелдеді. Қазылар алқасы құрамындағы Елбасы кітапханасы, "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, бірнеше ғылыми институттар, Astana Hub IT-стартаптарының халықаралық технопаркі, республикалық Ұлттық музейі, "Ұлы дала скауттары" қоғамдық бірлестігі, "BilimInvest" білім беру инвесторларының ұлттық ассоциациясы, "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы, сондай-ақ ЮНЕСКО сарапшылары академиялық білімнің жоғары деңгейі, оқушылардың туған өлкедегі өзекті мәселелерді шешуге деген ынтасы мен жобалардың әлеуметтік бағарына оң баға берді. Сондай-ақ, жобалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылғандықтан, қазылар алқасы оқушылардың үш тілді еркін меңгергендігін де атап өтті.

Өскемен қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы Аида Оралбекова "Тарбағатай жотасында таралған ақезу бәрпі мен биік тегеурінгүл түрлерінен дәрі-дәрмек өндіру" жобасын әзірлеуге 2 жылдай уақыт жұмсаған. Осы уақыт аралығында Тарбағатай таулары жотасындағы Қотанашы жайлауында өсетін аталмыш өсімдіктердің қоры есептеліп, рационалды қолдану бойынша ұсыныстар берілді. Ұзақ зерттеулер нәтижесінде артрит, артроз дертіне қарсы тұнба жасалынды.

Шығыс Қазақстан облысының көрікті жерлеріне шолу жасайтын "DiscoverEast" https://discovereast.kz/index.html үш тілді сайтының ерекшелігі - дизайнның құрылғы көлеміне қарай өзгеруі, яғни, телефон, планшет немесе десктоп болса да, экранға бейімделеді. Жоба авторлары – Өскемен қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-ші сынып оқушылары Естай Ануарбеков пен Ерасыл Кайрканов. Сайтта тарихи-мәдени ошақтардың суреттерімен қатар, жету жолының картасы, айналма маршруты да берілген.

Ал 10-шы сынып оқушылары Аружан Изгуттинова мен Даулет Қапаров полиэтилен пакеттерден бас тартып, отандық өнім, бөз матасынан тігілген "I love Uka" эко-сөмкелерін пайдалануды ұсынады. Бұл сөмкелердің көлемі ыңғайлы және мықты бола тұра, жапсырылған QR-кодтың көмегімен Өскеменнің көрікті жерлері туралы ақпарат бере алады.

"Туған елге тағзым" – тоғыз жылдан бері Назарбаев Зияткерлік мектептері жүйесінде жүзеге асырылып келе жатқан бірегей жоба, осы уақыт ішінде мыңдаған оқушы туған өлкесін жан-жақты тани түсті.

Фото:
ШҚО НЗМ баспасөз қызметі ұсынды
Следующая →